Олар жайлы Франциядан келе жатқан автобус тоқтаған кезде белгілі болған. Жүргізуші автобус қозғалтқышынан шыққан оқыс дыбыстың мәнін білу үшін моторын ашып қараса, қуыста естен тануға шақ қалған төрт адам отырған. Олардың алты сағат бойы 60 градус ыстыққа төзіп келгендігі адам сенгісіз оқиға болып отыр .
Шұғыл полиция шақырылып, олар босқындарды көліктен шығарып алған.