Спикердің сөзінше, суды үнемді тұтыну мақсатында лимитті 4 деңгейлі тарифпен белгілеу енгізілді. Бастама үш негізгі коммуналдық қызметке қатысты: сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау.
«Коммуналдық меншік саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қосымша алған табысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басым міндеттерді шешуге, оның ішінде ресурс үнемдеу технологияларын енгізуге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, приборлауға және тағы басқасына бағытталатын болады», - деді Әсел Бөденеева.
Сумен жабдықтау саласында тұтыну лимитіне байланысты төрт деңгейлі тарифті қолдану көзделген, мұнда экономикалық шығындар келесідей бөлінген:
І топ – айына 3 текше метрге дейін тұтынушыларға қолданыстағы тариф;
ІІ топ – айына 3-тен 5 текше метрге дейін тұтынушыларға тариф қолданыстағы тарифтен 20% - ға жоғары болады;
ІІІ топ – айына 5-10 текше метрге тариф 50 %-ға жоғары;
ІV топ – айына 10 текше метрден асатын болса екі еселенген тариф қолданылады.
Жылумен жабдықтау саласында тарифтерді саралау бір абонентке шаққандағы тұрғын үй алаңының шамасы бойынша жүзеге асырылады.
І топ – 100 шаршы метрге дейін бекітілген тариф;
ІІ топ – 100-ден 200 шаршы метрге дейін тариф бекітілгеннен 10% - ға жоғары;
ІІ топ – 200 шаршы метрден астам орташа еңбек тарифін қолданатын болады.
«Тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу қосымша табыстың мақсатты пайдаланылуын бақылаумен жүзеге асатын болады», – деп түсіндірді Ә. Бөденеева.
Осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрілігі жоғарыда аталған тәсіл 13 млрд теңге қосымша табысқа қол жеткізуге мүмкіндік беретінін мәлімдеген еді.