4 елдің туристік операторлары Атырау облысымен танысты

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында ұйымдастырылған ақпараттық тур аясында, Ресей, Қытай, Германия және Швейцария елдерінен 75 турист және туристік операторлар Атырау облысына келді.

Сапардың негізгі мақсаты - әлемдік көрме аясында келу тізіліміне қосылған туристік бағыттармен танысу. Бұл бағыттар «ЭКСПО ұсынады» белгісіне ие болады.

Шолу экскурсиясында қонақтар Атыраудың көрікті жерлерімен, мәдени ескерткіштерімен танысты. Тарихи-өлкелік музей мен Достық үйіне, «Хан Ордалы Сарайшық» музей кешені мен «Сарайшық» асыл тұқымды мал шаруашылығы фермасына барды, деп хабарлады облыстық әкімдіктегі кәсіпкерлік басқармасының баспасөз қызметі.   

   

Соңғы жаңалықтар