4 қалада ауа сапасы нашарлайды - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 26 ақпан күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Қарағандыда, Петропавлда, Талдықорғанда және түнде Астана қаласында ауа сапасы нашарлайды.

Қазақстанның өзге қалаларында метеожағдайдың өзгерісі күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.