4 қаңтар. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 4 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.

4 қаңтар СЕНБІ

Мьянма одағының (Бирма) Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1948). Оңтүстік-Шығыс Азия мен Үндіқытай түбегінде орналасқан мемлекет. Мьянма 7 ұлттық облыс пен 7 әкімшілік облыстан құралған. Астанасы - Янгон қаласы. Мемлекеттік тілі - бирма тілі, ағылшын, қытай және жергілікті тілдер де қолданылады. Діни наным-сенімі әртүрлі. Ақша бірлігі - кьят (чжа). Басқару жүйесі - республика. Жоғарғы заң шығарушы органы - Бейбітшілік пен дамудың мемлекеттік кеңесі (БПДМК). Жоғары атқарушы органы - үкімет. Мемлекет пен үкімет басшысы - БПДМК-інің төрағасы.

Негізгі шаруашылығы - егіншілік. Әсіресе күріш өсіру жақсы дамыған. Мьянмада әртүрлі пайдалы қазбалар мұнай, қалайы, мырыш, мыс, қорғасын, көмір, табиғи газ, қымбат бағалы тастар кездеседі.

Қазақстан Республикасы мен Мьянма одағы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1999 жылғы қыркүйектің 23-інде орнатылды.

ОҚИҒАЛАР

1 5 жыл бұрын (1999) Алматыдағы Республика сарайында Елбасы Н.Назарбаев өзін қолдаушылардың форумында сөз сөйлеп: «Саясаткердің ең үлкен бақыты - халық қолдауын сезіну, халқымның тағдырынан бөлек менде тағдыр жоқ», - деді.

10 7 жыл бұрын (1907) Орынборда татар тілінде «Орал» газетінің алғашқы саны жарық көрді.

4 қаңтар - 27 сәуір аралығында небары 31 саны шықты. Газет большевиктік бағыт ұстанып, әлеуметтік-саяси мәселелерді көтерді. Ресей өкіметіне «Ашық хат» жариялады. Онда қазақ еңбекшілерінің атамекенінен көшіріліп, құнарлы жерлерінен айырылып жатқаны жазылып, Екінші Мемлекеттік Думадан жер мәселесін әділ шешуді талап етті.

1 9 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың қатысуымен Арыс стансасынан Шу стансасы арқылы өтетiн темiр жолдың 582-шi километрлiк электрлендiрiлген трансазиялық бөлiмшесiнің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

1 4 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңына қосымша енгiзуi туралы» Заңға қол қойды.

1 4 жыл бұрын (2000) Қазақстан Есiрткi заттар бойынша комиссияға мүше болды (ЕЗК). ЕЗК БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтiк кеңесінің 1946 жылғы қарарымен құрылған. Комиссия БҰҰ-ның жүйесінде орталық орган болып табылады. Ол халықаралық есiрткiні бақылау төңiрегiндегі халықаралық бiрлестiктiң саясатын анықтайды. ЕЗК БҰҰ-ның басқармасына ұсыныс беру ғана емес, жеке елдердің есiрткiге қарсы қызметтінің сұрағы бойынша кепілдемелер беруге құқылы. Оның құзырына, бұдан басқа, тиiстi халықаралық құжаттардың әбден жетiлдiруi бойынша ынталы жұмыстары кiредi.

8 жыл бұрын (2006) Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлы туралы «Баукең туралы толғаныстар» атты публисцистикалық очерктер мен әңгімелер жинағы шықты. Оған Қазақстанның белгілі жазушылары Қасым Қайсенов, Шерхан Мұртаза, Әзілхан Нұршайықовтың және әр жылдары белгілі жерлестері Б.Момышұлымен кездескен Елен Әлімжанов, Әлдихан Қалдыбаев, Мақұлбек Рысдәулеттің шығармалары жинақталған. Кітапты Жамбыл облысы әкімшілігінің ішкі саясат департаменті жанындағы ғылыми-зерттеу орталығы басып шығарды.

2 жыл бұрын (2012) Анкарадағы «Шератон» қонақүйінде Түрік Республикасы мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен ЮНЕСКО комиссиясы, ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымы және Анкара қаласының әкімшілігі «Түркия - ашық аспан астындағы мұражай» тақырыбында саммит өткізді. Оған түркітілдес елдердің, соның ішінде Қазақстанның спорт және туризм министрлігінің өкілдері қатысты. Саммит аясында онда Түркия өңірлерінің және туристік ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан, Әзербайжан, Түркіменстан және Татарстан стенділері мәдениет және туризм көрмесіне қойылды.

1 жыл бұрын Астанада Мемлекет тарихы институтында Қазақстанның көрнекті қайраткерлері туралы «Ұлы дала тұлғалары» сериясындағы кітаптар таныстырылды.

55 жыл бұрын (1959) Луна-1 (СССР) Ай маңына жеткен алғашқы ғарыштық аппарат болды.

ЕСІМДЕР

7 6 жыл бұрын (1938) актриса, Қазақстанның халық әртісі АБЫЛАЕВА Әсия дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1964 жылдан бері С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында өнер көрсеткен. Актриса осы театр сахнасында Қарагөз (М.Әуезов «Қарагөз»), Баян, Ұлпан (Ғ.Мүсірепов «Қозы-Көрпеш - Баян сұлу», «Ұлпан»), Шұға (Б.Майлин «Шұға»), Анар (О.Бөкей «Құлыным менің»), Алтынай (Ш.Айтматов «Алғашқы мұғалім»), Таңқабике (М.Кәрім «Ай тұтылған түн»), Қыз (Назым Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер»), Катарина, Леди Макбет (Шекспир «Асауға - тұсау», «Макбет»), Медея (Еврипид «Медея») бейнелерін сомдаған.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

8 5 жыл бұрын (1929-2009) музыкатанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері КЕЛЬБЕРГ Анатолий Витальевич дүниеге келді.

Ресейдің Санкт-Петербор қаласында туған. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1949-1951 жылдары Алматы хореографиялық училищесінде оқытушы болды. 1951 жылдан Алматы консерваториясында дәріс берді. Сонымен қатар, республикалық радио-теледидардан музыка тарихы мен ірі орындаушылар туралы «Жаңа әлемнің музыкасы», «Ұлы музыка және ұлы орындаушылар», «Біздің планетаның музыкасы», т.б. хабарлар топтамасын жүргізді. Оның «Кеңестік Қазақстан композиторлары», «Е.Г.Брусиловский», т.б. кітаптары жарық көрген.

13 4 жыл бұрын (1880-1957) түркітанушы, КСРО Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері МАЛОВ Сергей Ефимович дүниеге келді.

Ресей Федерациясының Қазан қаласында туған.

Қазан рухани академиясын, Санкт-Петербор университетін бітірген.

С.Малов бірнеше рет Батыс және Орталық Қытайда болып, ұйғыр, сары ұйғыр, лобнор және салар халықтарының тілі мен этнографиясы, фольклоры туралы мол деректер жинады, сондай-ақ, Қытайдағы түркі тілдеріне алғаш рет сипаттама берді. Ол көне түркі жазба нұсқаларын зерттеп, очерктер, сөздіктер жазды. «Игорь жасағы туралы сөз» тіліндегі түркизм» деген еңбегінде «Сөзде» кездесетін «могуты», «татраны», «шельбиры», «топчакы», «ревугы», «ольберы» деген атаулар орыстардың ежелгі көршісі - түркілердің беделді тұлғаларының дәрежесі мен шен-шекпенін көрсеткен деген ой түйеді. Маловтың бұл пікірін қазіргі түрктанушылар да растап отыр. Сондай-ақ, В.Радловпен бірге көне ұйғыр жазба ескерткіші «Алтын ярұқты» (Х-ХІІІ ғасыр) анықтап, жарыққа шығарды.

1918-1919 жылдары Қазан қаласындағы Халыққа білім беру институтының, 1923-1927 жылдары Ташкенттегі Орта-Азиялық мемлекеттік университетінің, 1927-1938 жылдары Санкт-Петербордағы Шығыс (тірі) тілдері институтының, Қызыл профессура институтының, Солтүстік халықтары институты аспирантурасының, Материалдық мәдениет тарихы мемлекеттік академиясының оқытушысы, 1938-1957 жылдары КСРО Ғылым Академиясы Тіл және ойлау институты (КСРО ҒА Тіл білімі институты) түркі тілдері секторының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1943-1945 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) және Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) оқытушысы болған.

Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

5 3 жыл бұрын (1961) «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының Логистика және келісім шарт жөніндегі басқарушы директоры - коммерциялық директоры САЛИМОВ Эльдан Рахымжанұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы сауда техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, «Қайнар» университетін бітірген.

1996-2000 жылдары - «Крафт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары. 2000-2003 жылдары - «Балалар Әлемі» ашық акционерлік қоғамының президенті. 2003-2004 жылдары - «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» жабық акционерлік қоғамының Материалдық-техникалық ресурстар жөніндегі бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2004 жылдан - қазіргі қызметінде.

60 жыл бұрын (1954) Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы сотының судьясы ӘЛІМБЕКОВ Мұсабек Тұрғынбекұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. 1981 ж. - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 10.1981-06.1982 ж.ж. - Жамбыл облыстық сотының стажері. 06.1982-06.1987 ж.ж. - Жамбыл қаласы Центральный аудандық халық сотының судьясы. 06.1987-03.1992 ж.ж. - Жамбыл облыстық сотының мүшесі, төрағаның орынбасары. 03.1992-12.1996 ж.ж. - Жамбыл облысы Әділет басқармасының бастығы. 12.1996-06.1999 ж.ж. - Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы. 06.1999-02.2001 ж.ж. - Жамбыл облыстық сотының төрағасы. 02.2001-05.2006 ж.ж. - Алматы қалалық сотының төрағасы. 05.2006-04.2009 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 04.2009-04.2011 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы. Қазіргі қызметінде 2012 жылғы қаңтардан бері.

«Парасат» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, ҚР соттар одағының «Үш би» құрмет белігісімен, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

50 жыл бұрын (1964) «ҚазЭкспортГарант» сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы САДЫ Қ ОВ Еркін Тоқмұхамедұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.

1986-1994 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінде аға оқытушы, деканның орынбасары. 1994 жылы - ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің басқарма бастығының орынбасары. 1994-1995 жылдары - ҚР Өнеркәсіп және сауда министрлігінде департамент директорының орынбасары, бас басқарма бастығының орынбасары. 1995-1997 жылдары - Қазақстанның Люксембургтегі сауда үйінің бас директоры. 1997-2004 жылдары - Алматы қаласы Сыртқы экономикалық және мәдени байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы. 2004-2006 жылдары - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2006-2007 жылдары - «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. 2007-2009 жылдары - «Жетісу» ӘКК» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2009-2011 жылдары - «Қазақстандық ипотекалық компвания» АҚ басқарма төрағасының орынбсры. 2011-2012 жылдары - «Тұран» университетінің профессоры. 2012-2013 жылдары - «ҚзЭкспортГарант» СК» АҚ басқарма төрағасының орныбасары. 2013 жылғы ақпаннан - қазіргі қызметінде.

49 жыл бұрын (1965) «Қазақстан-Тәжікстан тікелей инфестициялар қоры» АҚ басқарма төрағасы СА ҒЫН ДЫ Қ ОВ Мұкан Қаныбекұлы дүниеге келді.

Шымкент облысында туған. Қарағанды кооперативтік институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.

1988-1992 жылдары - Шымкент облыстық қоғамдық тамақтандыру басқармасының тексерушісі, аға тексерушісі. 1992-1996 жылдары - Шымкент қалалық әкімшілігінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы өндірістік-пайдалану басқармасында бастықтың орынбасары, бастығы. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары. 1996-1998 жылдары - «Темірбанк» ААҚ Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры. 1998-2002 жылдары - «Қазкоммерцбанк» ААҚ Шымкент филиалының директоры, Оңтүстік өңірлік дирекциясының аймақтық директоры. 2002-2004 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы және коммуналдық меншік департаментінің бастығы. 2004-2006 жылдары - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаментінің директоры, инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры. 2006 жылғы ақпан-қыркүйек айларында - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2006-2007 жылдары - «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2007-2011 жылдары - «Қазақстанның даму банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2012 жылғы ақпаннан - қазіргі қызметінде.

«Ерен еңбегi үшiн» «Казакстан Республикасынын Тауелсiздiгiне 10 жыл», «Казакстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

20 5 жыл бұрын (1809-1852) француз педагогы, соқырлар үшін әліппенің авторы Луи БРАЙЛЬ дүниеге келді.

60 жыл бұрын (1934) кеңестік және ресей суретшісі жәнек мүсіншісі, Ресей және Грузия халық суретшісі ЦЕРЕТЕЛИ Зураб Константинович дүниеге келді.

4 9 жыл бұрын (1965) британдық театр, кино және телевидение актері, кинопродюсер Джулия Карин ОРМОНД дүниеге келді.

4 8 жыл бұрын (1966) ресейлік кинорежиссер, актер, сценарист және тележүргізуші Тигран КЕОСАЯН дүниеге келді.