АСТАНА
Сағат 15.00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның брифингі өтеді. Онда қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин тілшілермен кездеседі. Спикер өткен аптада жемқорлыққа қатысты тіркелген қылмыстық істер туралы айтады.
АЛМАТЫ
Сағат 11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Христов Рождествосы мерекесіне арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Оған Астана және Алматы митрополиті Александр қатысады.
ТҮРКІСТАН
Сағат 19:25-те Түркістан қаласының темір жол вокзалынан «Түркістан - Шымкент» бағытындағы жедел пойыздың алғашқы рейсі жолға шығады.