ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы Мұсабек Тұрғынбекұлы ӘЛІМБЕКОВ дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. 1981 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1981-1982 жылдары - Жамбыл облыстық сотының стажері. 1982-1987 жылдары - Жамбыл қаласы Орталық аудандық халық сотының судьясы. 1987-1992 жылдары - Жамбыл облыстық сотының мүшесі, төрағаның орынбасары. 1992-1996 жылдары - Жамбыл облысы Әділет басқармасының бастығы. 1996-1999 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы. 1999-2001 жылдары - Жамбыл облыстық сотының төрағасы. 2001-2006 жылдары - Алматы қалалық сотының төрағасы. 2006-2009 жылдары - ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 2009-2011 жылдары - ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы. Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы сотының судьясы. Қарағанды облыстық сотының төрағасы (2014 жылдан).
Қазіргі лауазымын 2016 жылғы қыркүйектен бері атқарып келеді.
«Парасат» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, ҚР соттар одағының «Үш би» құрмет белгісімен, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
60 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Мұхаран Серікұлы ӘМІРОВ дүниеге келді.
Гурьев қаласында туған. 1976 жылы Гурьев қаласындағы жалпы білім беретін мектепті бітірген және осы жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебінің тергеу факультетін 1980 жылы бітіріп, заңгер-құқықтанушы мамандығын алған. Еңбек жолын 1980 жылы Гурьев облыстық ІІБ тергеушісі ретінде бастаған. 1980-1987 жылдар аралығында Гурьев қалалық ІІБ тергеушісі, аға тергеушісі, тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары. 1987-1988 жылдары ІІБ бастығының орынбасары, 1988-1989 жылдар аралығында Қазақ КСР ІІМ тергеу бөлімінің бастығы, Гурьев облысының Денгіз ауданының аға тергеушісі, 1989-1993 жылдары Атырау облыстық ІІБ Мақат аудандық ІІБ бастығының орынбасары, 1993-1995 жылдары Атырау облысына қарасты Ембі аудандық ІІБ бастығы, Атырау облыстық ІІБ Атырау қалалық ІІБ бастығы, 1995-2001 жылдар аралығында Атырау облыстық ІІБ бастығының орынбасары, 2002-2003 жылдары Ақтөбе қалалық ІІБ бастығы, 2003-2008 жылдары Атырау облыстық ІІД бастығы, 2008-2009 жылдары Қызылорда облыстық ІІД бастығы, 2009 жылы ҚР ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы, 2011-2014 жылдары - Ақтөбе облыстық ІІД бастығы. Қазіргі қызметінде - 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап.
«Ерлігі үшін», «Қазақстан Конституциясына - 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне - 20 жыл» медальдарымен наградталған. Бұдан басқа да бірнеше Үкіметтік және ведомствалық наградалардың иесі.
55 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Еркін Тоқмұхамедұлы САДЫҚОВ дүниеге келген.
Ол Алматы қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, экономист (1986).
Еңбек жолы: Оқытушы, аға оқытушы, Қазақ мемлекеттік университеті деканының орынбасары (1986-1994); Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі басқармасы басшысының орынбасары (1994); Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің Департаменті директорының орынбасары, бас басқарма басшысының орынбасары (1994-1995); Нидерландыда Қазақ сауда үйінің бас директоры (1995-1997); Алматы қаласының Сыртқы экономикалық және мәдени байланыстар жөніндегі комитет төрағасы (1997-2004); «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (2004-2006); «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының кеңесшісі (2006-2007); «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (2007-2009); «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма басшысының орынбасары (2009-2011); «Тұран» университетінің профессоры, «Әлемдік және ұлттық экономика» кафедрасы (2011-2012); «КазЭкспортГарант» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (2012-2016).
Қазіргі лауазымын 2017 жылғы ақпаннан бері атқарып келеді.
42 жыл бұрын (1977) Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәлиұлы Құрманғали дүниеге келген.
Ол Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін; Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін бітірген.
Еңбек жолы: «Таң» телекомпаниясының «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының тілшісі (1997 жылдан); «НТК» телеарнасында «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының редакторы; «31-ші арнада» «Информбюро» ақпараттық бағдарламасының жауапты редакторы, бас редакторы, жүргізушісі (2000-2007); «Нұр Медиа» сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталығының басшысы (2009-2012); Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы (2012-2015); «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі (2015-2016). 2016-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
«Еркін сөз» бағдарламасының авторы, «Дода» қоғамдық-саяси ток-шоуының, «Хабар» арнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасының жүргізушісі, «Аманат» зияткерлік клубының жетекшісі, «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы болды. «Ұлттық арнадағы» «Бірінші студия» бағдарламасының жүргізушісі.