4 қаңтар. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 4 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

68 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасының танымал мемлекет қайраткері Мұсабек Тұрғынбекұлы ӘЛІМБЕКОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. 1981 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1981-1982 жылдары - Жамбыл облыстық сотының стажері. 1982-1987 жылдары - Жамбыл қаласы Орталық аудандық халық сотының судьясы. 1987-1992 жылдары - Жамбыл облыстық сотының мүшесі, төрағаның орынбасары. 1992-1996 жылдары - Жамбыл облысы Әділет басқармасының бастығы. 1996-1999 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы. 1999-2001 жылдары - Жамбыл облыстық сотының төрағасы. 2001-2006 жылдары - Алматы қалалық сотының төрағасы. 2006-2009 жылдары – ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 2009-2011 жылдары – ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы. Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы сотының судьясы. Қарағанды облыстық сотының төрағасы (2014 жылдан). ҚР Судьялар одағының төрағасы (2016-2020).

«Парасат» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, ҚР соттар одағының «Үш би» құрмет белгісімен, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

45 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиұлы Құрманғали дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылында туған. Ол Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін; Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін бітірген.

Еңбек жолы: «Таң» телекомпаниясының «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының тілшісі (1997 жылдан); «НТК» телеарнасында «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының редакторы; «31-ші арнада» «Информбюро» ақпараттық бағдарламасының жауапты редакторы, бас редакторы, жүргізушісі (2000-2007); «Нұр Медиа» сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталығының басшысы (2009-2012); Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы (2012-2015); «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі (2015-2016). 2016-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған. 2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың наурыз айынан бастап.

«Еркін сөз» бағдарламасының авторы, «Дода» қоғамдық-саяси ток-шоуының, «Хабар» арнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасының жүргізушісі, «Аманат» зияткерлік клубының жетекшісі, «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы болды. «Ұлттық арнадағы» «Бірінші студия» бағдарламасының жүргізушісі.