9.00-де QAZEXPO congress орталығында ҚР Ұлттық архиві «Архив – ел тарихының қазынасы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.
10.30-да ЕХРО орталығында «Ару Астана 2022» зергерлік көрмесі ашылады.
14.00-де Астана қуыршақ театрында «Мультфильмдер еліне саяхат» қойылымы сахналанады.
15.00-де Нұрлы-Орда бизнес орталығында Астана қаласында «Кезектен тыс сайлау - 2022: Жаңа Қазақстанды құру жолында» атты «Sarap» эксперт клубының кезекті отырысы өтеді.
15:00-де «Астана Мариотт» қонақ үйінде «Жасыл кеңсе» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты жоспарланған.
15:00-де Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің елорда тұрғындарымен кездесуі өтеді.
15.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Әлем бейнесі» арт-жобасының көрмесі ұйымдастырылады.
16.00-де Астана қаласының мәслихатында бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді.
19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында JAIDARMAN көңілді тапқырлар байқауының финалы өткізіледі.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Абай-Тоғжан» драмасы көрсетіледі.
19.00-де «Астана Балет» театрында «Кармен-Сюита» балеті қойылады.