4 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Фото: Фото: Pexels

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 4 қазан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.30-да Hilton Astana қонақ үйінде Қазақстанның көлік апталығы аясында VI Халықаралық көліктік-логистикалық «New Silk Way» бизнес-форумы өтеді. 

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша журналистерге арналған workshop-оқыту семинары өтеді.

10.00-де «Expo» көрме орталығында 26-шы халықаралық «Көлік және логистика» – Translogistica Kazakhstan 2023 көрмесі өтеді.

Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Германия, Иран, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және т.б. 17 елден 226 компания қатысады.

11.00-де ҚР Президент орталығы Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорымен бірлесіп, Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Abay Azerbaycanda va dünyada» атты әзірбайжан тіліндегі жинақтың тұсаукесерін өткізеді.

19.00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры «Қош махаббат» мелодрамасын сахналайды.

19.00-де Astana Opera театрында «Ел жүрегі - Астана» концерті өтеді.

19.00-де Жастар театрында «Шырақ» лирикалық драмасы қойылады.