Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, түнде Ақтобе, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Күндіз кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с артады.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде 1 градус үсік күтіледі.
Түркістан, Қызылорда, облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.