НҰР-СҰЛТАН
Сағат 9.00-де Дүниежүзілік энергетика апталығының аясында «Энергия адамзат игілігі үшін» деген тақырыппен XIV Еуразиялық Kazenergy форумы өтеді.
Сағат 10.00 –де «Forte Kulanshi Artspace» кешенінде Батухан Әбдікерімұлының графикалық туындылары жеке көрмеге қойылады.
Сағат 11.00-де Ішкі істер министрлігінің онлайн брифингі басталады. Брифинг тақырыбы: «Сотталғандарды медициналық қамтамасыз етуді Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру».
Спикер: Жанар Шайдуллина - ҚР ІІМ ҚАЖК сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.
Сағат 14.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында Бибігүл Төлегенованың XI жыл сайынғы халықаралық вокалистер байқауына арналған баспасөз конференциясы өтеді.
Сағат 18.30-да Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында Бибігүл Төлегенованың жыл сайынғы XI Халықаралық вокалистер байқауының салтанатты ашылуына арналған концерт басталады.