Қоюшы режиссері - ҚР халық артисі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Талғат Теменов, деп хабарлады ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
М. Әуезовтің «Қарагөз» туындысы талай сахналарда көрермен көптің талғам таразысына тартылып келген. Ғ.Мүсірепов театрында «Ай-Қарагөз...» спектаклі өз жаңашылығымен тұңғыш рет қойылып отыр.
Спектакльде Тұрсынжан Шапай, Болатбек Нұрқасымов және т.б композиторлардың музыкалық шығармалары, сондай-ақ, Рамазан Стамғазиев, Шаба Әденқұлқызы, Өмірқұл Айниязовтың орындауындағы әндер қолданылған.