ЕСІМДЕР
83 жыл бұрын (1942) жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбегі сіңген қызметкері Төлен ӘБДІК дүниеге келді.
Ол Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында туған. 1965 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
1965-1970 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1970-1977 жылдары «Жалын» альманахында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977-1979 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор, 1979-1990 жылдары Қазақстан КП Орталық комитетінде жауапты қызметте болған. Біраз жыл «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болып істеді. 1993-2008 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде жауапты қызметте болды.
Халықаралық Кафка және Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлықтарының лауреаты (2003). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
77 жыл бұрын (1948) ақын, Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған Мемлекеттік Әнұраны мәтіні авторларының бірі Жадыра ДӘРІБАЕВА дүниеге келді.
Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында туған. Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы Қыздар педагогикалық училищесін, Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін, Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының көркем аударма бөлімін бітірген.
1978-1991 жылдары Мәскеудегі А.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтында (ГИТИС) қазақ актерлер бөлімінде дәріс берген. 1982-1990 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында секретариат меңгерушісі, 1991-1992 жылдары «Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі болған.
60 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ернұр Нұрмұханұлы АЙТКЕНОВ дүниеге келді.
Павлодар облшысының Май ауданында туған. 1989 жылы Семей зоотехникалық-ветеринариялық институтын бітірген.
Әр жылдары ол Май ауданының ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры, «Еңбек» ШҚ атқарушы директоры, Қашыр ауданының «Песчанский» асыл тұқымды орталығының директоры, Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2006-2010 жылдары Май ауданының әкімі, 2010-2014 жылдары Баянауыл ауданының әкімі болып жұмыс істеді. 2017-2018 жылдары ауданының әкімі болды, 2018-2021 жылдары Тереңкөл ауданын басқарды. 2021-2023 жылдары Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы қызметін атқарған.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың қаңтарынан бері атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Парламент Сенатының Алғыс хатымен марапатталған.
56 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Еркін Аманжолұлы ӘБІЛ дүниеге келді.
1992 жылы Қостанай облысында туған. Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1992-2009 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің және ҚР Әділет министрлігінің оқу орындарында жұмыс істеді, 2009-2016 жылдары ҚМПИ ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, 2016-2020 жылдары Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры болған. 2020-2023 жылдары Мемлекет тарихы институтының директоры лауазымын атқарды.
2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған; «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қызметіне сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.
53 жыл бұрын (1972) Ақмола облысы Білім басқармасының басшысы Айнагүл Қыдырбайқызы БАЛТАШЕВА дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Қарағаш ауылында туған. 1994 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алды.2014 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алып, «Білім беру магистрі"дәрежесі берілді.
Еңбек жолын 1994 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында Қарағаш орта мектебі қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып бастады.
1996-2018 жылдары Көкшетау қаласының № 6 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, «Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ сапаны бағалау жөніндегі әдіскері, Көкшетау қаласы М. Ғабдуллин атындағы № 3 көп тілді оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының директоры болып жұмыс істеді. 2018-2020 жылдары Көкшетау қаласы, Әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейінің директоры болды. 2020-2023 жылдары Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq saraiy» ШЖҚ МКК басшысы қызметін атқарған.
2023 жылғы сәуірден бастап Ақмола облыстық мәслихатының VІІІ шақырылым депутаты, әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы болып қызмет атқарды.
Қазіргі лауазымын 2024 жылдың шілде айынан бері атқарып келеді.
52 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысы Арман Дайырұлы ЖҰМАБЕКОВ дүниеге келді.
Ерейментау қаласында туған. 1997 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1990-1991 жылдары Ерейментау қаласы, № 2102 жинақ банкі филиалының инспекторы, 1998-1999 жылдары Ақмола облысы Салық комитетінің Салық төлеушілермен жұмыс және салық заңнамасын насихаттау бөлімі бас юрисконсульті, 1998-1999 жылдары Ақмола облысы Салық комитетінің Салық төлеушілермен жұмыс және салық заңнамасын насихаттау бөлімі құқықтық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі, 1999 жылы Ақмола облысы Салық комитетінің заң бөлімі басшысы, 1999-2000 жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі Заң департаментінің заңнама бөлімі бас маманы, 2000 жылы ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі Заңнама басқармасының құқықтық талдау, кодификация және ағымдағы жұмыс бөлімінің басшысының міндетін атқарушы, 2000-2002 жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі Заңнама басқармасының құқықтық талдау, кодификация және ағымдағы жұмыс бөлімінің басшысы, 2002-2003 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі кеңесшісі, 2003-2004 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімі бас сарапшысы, 2004-2005 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық басқармасы заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы, 2005-2006 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық басқармасы заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы, 2006-2007 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық басқармасы заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің сектор меңгерушісі, 2007-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық басқармасы заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің бас инспекторы, 2008 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімі сектор меңгерушісі, 2008-2011 жылдары ҚР Президентінің Парламенттегі Үкіметі басшысының орынбасары болып қызмет атқарған. 2011-2018 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2018-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы, 2019 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министрі, 2019-2021 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы, 2021-2022 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысы, 2022-2023 жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің аппарат басшысы, 2023-2024 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қаржы директоры — басқарма мүшесі, 2024 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ аппарат басшысы — басқарма мүшесі лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2024 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.
«Құрмет» (2018) орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
36 жыл бұрын (1989) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Анатольевич КОНЯШКИН дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған.М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы «KazTransCom» ERP-Service» ЖШС консультанты болып бастаған. 2011-2012 жылдары «KazTransCom» ERP-Service» ЖШС «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «Қазтрансгаз» АҚ кәсіпорындары жобасының консультанты болды. 2012-2014 жылдары «Astana Innovations» АҚ-да түрлі қызмет атқарды. 2014-2015 жылдары «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ Электронды оқытуды дамыту орталығының бас менеджері, жобалық менеджері, 2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Мемлекеттік қызмет көрсетудің әдіснама департаментінің бас маманы, 2016-2017 жылдары «Өрлеу» инновациялық технологиялар орталығы» ЖШС жобалар бойынша менеджері, 2017-2019 жылдары «Транстелеком» АҚ орталық аппаратының «Жобалық менеджерлер, АТ кеңсесі» бағыты бойынша жобалық менеджері, 2019-2020 жылдары «Tengri Lab» ЖШС жобалық кеңсесінің басшысы, 2020 жылы ҚР ЦДИАӨ министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы, 2020-2021 жылдары ҚР ЦДИАӨМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары, 2021-2024 жылдары —«Ұлттық aқпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы болып қызмет атқарған.
Қазіргі лауазымын 2024 жылғы қазан айынан бастап атқарып келеді.
97 жыл бұрын (1928-2013) әйгілі геолог, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дүбек Дүйсенбекұлы ДҮЙСЕНБЕКОВ дүниеге келген.
Алматы облысының Қаратал ауданында туған. Қазақ тау-кен институтын (қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген.
Жезқазған кен байыту комбинатында, Текелі геологиялық барлау партиясында геолог, аға геолог, партия бастығы болған. 1966-1993 жылдары Оңтүстік Қазақстан алтын кенін барлау экспедициясында жұмыс істеген. 1968 жылы Бетпақдалада жүргізген геологиялық іздеу жұмыстарының нәтижесінде Ақбақай алтын кенін ашқан. 1971-1978 жылдары осы кен орнында алдын ала барлау, жете барлау жұмыстарын жүргізген.
Сонымен қатар Миронов висмут, Карьерный, Бескемпір, Ақсақал алтын кендерін ашқан. Ақбақай кенді ауданының геологиясы, минералогиясы, петрографиясы туралы зерттеулер жүргізген. Көптеген ғылыми еңбектің авторы.
2 мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдермен марапатталған.