Бізге Любовь Нүрпейісованың табылғаны туралы қызы Меңсұлу Құрманова хабарлап айтты.
«Біз полицияға хабар бердік. Анам бүгін сағат 14:00 шамасында үйге жеткізілді. Оның жол бойында отырғанын атам мен әжем байқап қалған. Қазір жағдайы бірқалыпты. Осы уақыт аралығында қайда болғаны белгісіз. Іздеуге үн қосқан ауыл тұрғындарына, тәртіп сақшыларына алғыс айтамын», - деді Меңсұлу Құрманова телефон арқылы хабарласқанда.
Еске сала кетейік, қостанайлықтың 4 күннен бері іздестіріліп жатқаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.