11.00-де Ішкі істер министрлігі онлайн-көрсетілім форматында «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалардың алдын алу, ашу және тергеу бойынша қабылданған шаралар жөнінде» апталық брифинг өткізеді. Спикер: Талқанбаев Алмас Ерболатұлы – ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің 1 басқарма бастығының орынбасары.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР Ұлттық спорт түрлері бойынша VI фестиваль» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Спорт және дене шынықтыру істері комитетініңтөрағасы Ербол Мырзабосынов; Ұлттық және Ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов; Астана қаласы Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.