Шығыста түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман бақыланады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында, Ақтөбе, Қарағаңды, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.