4 қыркүйек. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 4 қыркүйек тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

95 жыл бұрын (1928-2013) әйгілі геолог, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дүбек Дүйсенбекұлы ДҮЙСЕНБЕКОВ дүниеге келген.

Алматы облысының Қаратал ауданында туған. Қазақ тау-кен институтын (қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген.

Жезқазған кен байыту комбинатында, Текелі геологиялық барлау партиясында геолог, аға геолог, партия бастығы болған. 1966-1993 жылдары Оңтүстік Қазақстан алтын кенін барлау экспедициясында жұмыс істеген. 1968 жылы Бетпақдалада жүргізген геологиялық іздеу жұмыстарының нәтижесінде Ақбақай алтын кенін ашқан. 1971-1978 жылдары осы кен орнында алдын ала барлау, жете барлау жұмыстарын жүргізген.

Сонымен қатар Миронов висмут, Карьерный, Бескемпір, Ақсақал алтын кендерін ашқан. Ақбақай кенді ауданының геологиясы, минералогиясы, петрографиясы туралы зерттеулер жүргізген. Көптеген ғылыми еңбектің авторы.

2 мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдермен марапатталған.

81 жыл бұрын (1942) жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбегі сіңген қызметкері Төлен ӘБДІК дүниеге келді.

Ол Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген (1965).

1965-1970 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі. 1970-1977 жылдары «Жалын» альманахында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977-1979 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор, 1979-1990 жылдары Қазақстан КП Орталық комитетінде жауапты қызметте болған. Біраз жыл «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болып істеді. 1993-2008 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде жауапты қызметте болды.

Халықаралық Кафка және Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлықтарының лауреаты (2003). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

75 жыл бұрын (1948) ақын, Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған Мемлекеттік Әнұраны мәтіні авторларының бірі Жадыра ДӘРІБАЕВА дүниеге келді.

Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында туған. Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы Қыздар педагогикалық училищесін, Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін, Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының көркем аударма бөлімін бітірген.

1978-1991 жылдары Мәскеудегі А.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтында (ГИТИС) қазақ актерлер бөлімінде дәріс берген. 1982-1990 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында секретариат меңгерушісі, 1991-1992 жылдары «Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі болған.

59 жыл бұрын (1965) Павлодар облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ернұр Нұрмұханұлы ӘЙТКЕНОВ дүниеге келді.

Павлодар облысы Май ауданы Жалтыр ауылында туған. Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1989) – зооинженер.

Еңбек жолы: Май РАПС-тың жетекші мал маманы, совхоздың бас мал маманы, Май РШУ-дың бас мал маманы (1989-1996);

«Ақжарский» КММ директоры (1996-1997); Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы (1997-1998); «Ертіс» АҚ бөлім бастығы (1998); Железин ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы (1998-1999); «Еңбек» ҚХ атқарушы директоры (2000-2004); Павлодар РШУ бастығының орынбасары (2004-2005); ГКП Песчанский асыл тұқымды орталығының директоры (2005-2006); Павлодар облысы Май ауданының әкімі (20.10.2006-03.2010), Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі (03.2010-2014); Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы (10.2014-03.2017); Павлодар облысы Лебяжі ауданының әкімі (03.2017-12.2018); Павлодар облысы Тереңкөл ауданының әкімі (12.2018-01.2021).

2023 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

54 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Еркін Әбiл АМАНЖОЛҰЛЫ дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1992).

Еңбек өтілі: 1992 жылдан 2009 жылға дейін ҚР Ішкі істер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің оқу орындарында жұмыс істеді; 2009 жылдан 2016 жылға дейін ҚМПИ ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры қызметін атқарды; 2016 жылдан 2020 жылға дейін Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры болған. 2020-2023 жылдары Мемлекет тарихы институтының директоры.

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған; «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қызметіне сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.

50 жыл бұрын (1973) ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің аппарат басшысы Арман Даирұлы ЖҰМАБЕКОВ дүниеге келді.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған (1997).

Еңбек өтілі: Целиноград облысы № 2102 Ерментау жинақ банкі филиалының инспекторы (1990-1998); Ақмола облысының Салық комитетінде бас кеңесші, сектор меңгерушісі, бөлім бастығы (1998-1999); бас маман, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің бөлім бастығы (1999-2002); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінің кеңесшісі (2002-2003); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің бас сарапшысы (2003-2004); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы (2004-2006);

Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі (2006-2007); Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің бас инспекторы (2007-2008); Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің сектор меңгерушісі (03.08.2008 ж.); Қазақстан Республикасы Парламенті Өкілдігі басшысының орынбасары (2008-2011); Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2011-2018); Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы (2018-2019); Қазақстан Ұлттық экономика бірінші вице-министрі (04.2019-07.2019); ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы (2019-2021). Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі аппаратының жетекшісі (2021-2022).

Қазіргі лауазымында 2022 жылдың ақпанынан бастап қызмет етіп келеді.

48 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінің бас директоры Рашида Ерімқызы ХАРИПОВА туған.

Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келген.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін (Биология пәні оқытушысы – 2001), «Нархоз» университетін (Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры – 2016), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін (Педагогикалық ғылымдар магистрі – 2020) тәмамдаған.

1993-1994 жылдары «Жасталап» оқу өндірістік комбинатында іс жүргізуші, 1994-1999 жылдары биология пәнінің мұғалімі, 1999-2001 жылдары кәсіптік бағдар беру жөніндегі методист, 2001-2003 жылдары директордың оқу өндірістік істері жөніндегі орынбасары, 2003-2009 жылдары Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің «Өлке табиғатын ғылыми-зерттеу» бөлімінің бөлім меңгерушісі, 2009-2010 жылдары Музей басшысының ғылыми істер жөніндегі орынбасары, 2010-2014 жылдары Музей басшысының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, 2014 жылдың 17 маусымынан 2022 жылдың 14 наурызы музей басшысы болды.

Қазіргі қызметінде 2022 жылдың наурызынан.

37 жыл бұрын (1986) актер, сценарист, режиссер Азамат ӘБДІЛДИНОВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылында туған. 2007 жылы Петропавл өнер колледжін актер мамандығы бойынша бітірген; 2012 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университетін кино және телевидение режиссері мамандығы бойынша бітірген. Ол «Вузерлер» сериалының 1-ші маусымында Дастан рөлінде дебют жасады.

Актердің ойнаған рөлдері: 2016 жылы «История одного отката» (Телехикая, Қазақстан) – Қанат; 2015 ж. «Патруль» (Телехикая, Қазақстан) – Абзал; 2014ж. «Ойындар» (Қазақстан); 2014ж «Тракторшының махаббаты» (Телехикая, Қазақстан) – Марлен; 2014 жылы «Ұстаздар» (Телехикая, Қазақстан) – Ержан; 2013 жылы «Үйдегі сарбаздар» (Телехикая, Қазақстан).

3 4 жыл бұрын (1989) «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Анатольевич КОНЯШКИН дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін математика мамандығы бойынша, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін ақпараттық жүйелер магистрі ретінде тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2012-2020 жылдары – «Ақпараттық-талдамалық орталық» АҚ, ҚР БҒМ «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-тағы жұмыс; 2020-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары.

2021 жылдың сәуірінен бастап қазіргі қызметінде.