4 мамырда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 4 мамырға Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамдарын ұсынды. 

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін, сондай-ақ екпінді жел соғады. Елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстікте шаңды дауыл, ал батыс пен оңтүстік-шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде және Ақмола облысының шығысында ауа температурасы 1 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының солтүстігі мен орталығында, Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының шығысы, оңтүстігі және орталығында, Абай облысының оңтүстігі, шығысы, орталығы мен солтүстік-батығында, Жетісу облысының батысы мен солтүстігінде, Ұлытау облысының шығысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Сонымен қатар Жетісу облысының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Еске салсақ, бұған дейін «Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 2-4 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.