Атап айтқанда, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің күші күндіз 25 м/с артуы ықтимал.
Түнде Павлодар, күндіз Ақмола, Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады. Түркістан облысында сондай-ақ шаңды дауыл болжанады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде – найзағай, Солтустік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің екпіні күндіз 23-28 м/с жетеді.
Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі.
Еске салайық, синоптиктер бұған дейін бірқатар өңірде ескерту жариялаған болатын.