10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.
10.00-де 68665 әскери бөлімінде жастарды әскери патриоттық тәрбиелеу және әскери қызметтің оң беделін одан әрі көтеру мақсатында БАҚ өкілдеріне арналған «Қуатты армия – еліміздің сенімді қалқаны» баспасөз туры өтеді.
10.00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Зәки Ахметовтың 95 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді.
11.00-де Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында қазақтың даңқты батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қаруын қаламға ауыстырған әйгілі партизан Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл толуына орай «Ерліктің ерен тұлғасы» атты патриоттық сағат өтеді.
11.00-де Ақордаға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мемлекеттік сапармен келеді.
11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Мектеп жетістіктері мен Қазақстан Республикасының VI паралимпиадалық ойындарына дайындық» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. https://www.facebook.com/rsk.astana01
15:00-де «Казгидромет» ғимаратында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ұлттық парктер мен қорықтар қызметі туралы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізеді.
15:00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Елордада іскерлік туризмді дамыту» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. https://www.facebook.com/rsk.astana01
16.00-де Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында «Astana» ӘКК АҚ және оның еншілес ұйымдары жұмысының тиімділігі» тақырыбы қаралады.
19.00-де Astana Opera театрында «Жанымды тербеткен әуен» концерті өтеді.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Қоштасқым келмейді» драмасы қойылады.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі қойылады.