НҰР-СҰЛТАН
Сағат 11.00-де «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының өз жұмысын бастауына байланысты брифинг өтеді.
Сағат 11.00-де Тәуелсіздік сарайында «Даму» қорынан қолдау тапқан отандық өндірушілердің тауарлары таныстырылады.
АЛМАТЫ
Сағат 10.00-де Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 3 жыл ішіндегі жұмыс қорытындысына арналған баспасөз туры өткізіледі. Цифрландыру саласындағы жұмыс қорытындылары мен жетістіктер туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Данияр Батанұлы Кирікбаев айтып береді.
Сағат 10.00-де «Атакентте» Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Мен алматылықпын» қоғамдық бірлестігі Төртінші Халықаралық "Спорттық Лига" денсаулық және спорт фестивалін өткізеді. «Спорттық Лига» фестивалі - көптеген спорттық пәндерді біріктіретін Қазақстандағы ең ірі шара болып есептеледі.
Сағат 10.00-де «Атакентте» World Powerlifting Congress Федерациясының ұйымдастыруымен жатып штанга көтеру ойынша ҚР Чемпионаты өткізіледі. Жарыс «Спортық Лига» фестивалінің аясында ұйымдастырылады. Тұғырға Қазақстан мен басқа елдерден 200-ге жуық спортшы шығады.
Сағат 12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «ILE-BALKHASH FESTIVAL 2019» бастамасына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Баспасөз конференциясының спикері: Мэлс Елеусізов - «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы.