ЕСІМДЕР
Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тәмамдаған.
Мамандығы актер болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. Ол республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген.
Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан.
Әзиз Несиннің «Ахиреттен келген хаттары», Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын», Э.Рапкенің «Мюнхаузеннің хикаяларын» қазақ оқырмандарына ұсынған.
1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді.
Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында туған. Петропавл ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумын бітірді. 1973 жылы Петропавл педагогикалық институтын сырттан оқып аяқтады.
1962-1973 жылдар аралығында «Ленин» кеңшарында электр слесары, мұнай базасының меңгерушісі, механизатор машина-трактор шеберханасының меңгерушісі, бас инженері, Совет аудандық «Қазсельхозтехника» бірлестігінің басқарушысы болды, 1973 жылы Совет аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды.
1976 жылдан – «Новоникольский» кеңшарының директоры. Шаруашылық екі рет қайта құрылып, 1992 жылы «Новоникольское» ауыл шаруашылығы қауымдастығы, 1997 жылы «Зенченко және компания» командиттік серіктестігіне айналды, осы шаруашылықта Г.И.Зенченко бас директоры болып қызмет еткен.
2008 жылы оған Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілді, екі рет «Отан» орденімен, Еңбек Қызыл ту орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.
К.Байсейітова атындағы Республикалық колледжді, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмамдады.
АҚШ, Франция, Испания, Бельгия, Венгрия, Румыния, Монако, Сингапур, ТМД елдерінде гастрольдік сапармен болған.
Қазір Алматы қаласы әкімінің және ҚР Қорғаныс министрлігінің «Jazz Band» концерттік оркестрінің солисі.
Алматы қаласында туған. 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін аяқтап, физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.
Еңбек жолын 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау және математикалық кибернетика кафедрасының ассистенті ретінде бастады.
2001 жылғы маусымнан бастап 2003 жылғы шілдеге дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаменті портфельдерді және қаржы нарықтарын талдау басқармасының жетекші талдаушысы, сондай ақ портфельдерді және қаржы нарықтарын талдау басқармасының бас талдаушысы ретінде жұмыс істеді.
2003 жылғы тамыз – 2012 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаменті талдау және тәуекелдер басқармасының бас талдаушысы, дилинг операциялары басқармасының бас дилері, талдау және тәуекелдер басқармасының бастығы ретінде қызметін жалғастырды.
2012 жылғы желтоқсан – 2015 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаменті (монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті) директорының орынбасары лауазымын атқарды.
2015 жылғы қазанда Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаментінің директоры, ал 2016 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі құрылымының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі монетарлық операциялар департаментінің директоры болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Алматы қаласында туған.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1998 жылғы сәуір – маусым аралығында – «Интерлюкс» Қазақстан-Жапон кәсіпорнының менеджері.
1998-1999 жылдары – ҚР Инвестициялар жөніндегі агенттігі «Қазинвест» РМК менеджері. 1999-2002 жылдары – «ҚазИнвестКонсалт» ЖШС-ның аға менеджері.
2003-2009 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпараттық-талдау бөлімінің бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты.
2009-2016 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпараттық-талдау бөлімінің бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық бағдарламалар орталығының вице-президенті.
2017 жылғы ақпан-желтоқсан аралығында Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасары болды.
2017-2019 жылдары – «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі фракциясы аппаратының басшысы.
2019-2022 жылдары – Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының басқарма төрағасының орынбасары.
Қазіргі қызметінде 2022 жылғы ақпаннан бастап.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.