ЕСІМДЕР
Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тәмамдаған.
Мамандығы актер болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. Ол республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген.
Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан.
Әзиз Несиннің «Ахиреттен келген хаттары», Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын», Э.Рапкенің «Мюнхаузеннің хикаяларын» қазақ оқырмандарына ұсынған.
1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді.
Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында туған. Петропавл ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумын бітірді. 1973 жылы Петропавл педагогикалық институтын сырттан оқып аяқтады.
1962-1973 жылдар аралығында «Ленин» кеңшарында электр слесары, мұнай базасының меңгерушісі, механизатор машина-трактор шеберханасының меңгерушісі, бас инженері, Совет аудандық «Қазсельхозтехника» бірлестігінің басқарушысы болды, 1973 жылы Совет аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды.
1976 жылдан – «Новоникольский» кеңшарының директоры. Шаруашылық екі рет қайта құрылып, 1992 жылы «Новоникольское» ауыл шаруашылығы қауымдастығы, 1997 жылы «Зенченко және компания» командиттік серіктестігіне айналды, осы шаруашылықта Г.И.Зенченко бас директоры болып қызмет еткен.
2008 жылы оған Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілді, екі рет «Отан» орденімен, Еңбек Қызыл ту орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.
Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында туған.
1987 жылы - В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын («инженер-механик» мамандығы), 2001 жылы – Қазақ қаржы-экономикалық институтын («экономист-менеджер» мамандығы), 2006 жылы – Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін («инженер-құрылысшы» мамандығы) бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде шебер, прораб болып бастаған.
1995-1997 жылдары — Семей қаласының «Сары-Арқа» АҚ сенім білдірілген басқарушысы.
2001-2003 жылдары — «Казиркутсклес» ЖТАҚ Бас директоры (РФ, Иркутск облысы).
2003-2005 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бастығы.
2005-2006 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы.
2006-2007 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2007 жылы— ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары.
2008 жылы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2009-2010 жылдары — «Ертіс» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары.
2010-2013 жылдары — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
2013-2014 жылдары — Семей қаласы гуманитарлық инновациялық заң университеті президентінің кеңесшісі.
2014 ж. — ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары.
2015-2017 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры.
2017-2018 жылдары — Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.
2019-2022 жылдары — Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы.
2022 жылдың маусымында Абай облысының әкімі болып тағайындалды.
«Құрмет» (2011), «Парасат» (2016) ордендерімен марапатталған.
К.Байсейітова атындағы Республикалық колледжді, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмамдады.
АҚШ, Франция, Испания, Бельгия, Венгрия, Румыния, Монако, Сингапур, ТМД елдерінде гастрольдік сапармен болған.
Қазір Алматы қаласы әкімінің және ҚР Қорғаныс министрлігінің «Jazz Band» концерттік оркестрінің солисі.
Алматы қаласында туған. 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін аяқтап, физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.
Еңбек жолын 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау және математикалық кибернетика кафедрасының ассистенті ретінде бастады.
2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаменті портфельдерді және қаржы нарықтарын талдау басқармасының жетекші талдаушысы, сондай ақ портфельдерді және қаржы нарықтарын талдау басқармасының бас талдаушысы ретінде жұмыс істеді.
2003–2012 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаменті талдау және тәуекелдер басқармасының бас талдаушысы, дилинг операциялары басқармасының бас дилері, талдау және тәуекелдер басқармасының бастығы ретінде қызметін жалғастырды.
2012– 2015 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаменті (монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті) директорының орынбасары лауазымын атқарды.
2015 жылғы қазанда Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаментінің директоры, ал 2016 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі құрылымының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі монетарлық операциялар департаментінің директоры болып тағайындалды.
ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1998 жылғы сәуір – маусым аралығында – «Интерлюкс» Қазақстан-Жапон кәсіпорнының менеджері.
1998-1999 жылдары – ҚР Инвестициялар жөніндегі агенттігі «Қазинвест» РМК менеджері. 1999-2002 жылдары – «ҚазИнвестКонсалт» ЖШС-ның аға менеджері.
2003-2009 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпараттық-талдау бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты.
2009-2016 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық бағдарламалар орталығының вице-президенті.
2017 жылғы ақпан-желтоқсан аралығында Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасары болды.
2017-2019 жылдары – «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі фракциясы аппаратының басшысы.
2019-2022 жылдары – Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының басқарма төрағасының орынбасары.
Қазіргі қызметінде 2022 жылғы ақпаннан бастап.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
Қостанай облысының тумасы. Қостанай әлеуметтік академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2004 жылы Қарабалық ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады. Келесі басшылық лауазымдарды атқарды: Қостанай облысы прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары (2011-2012), Әулиекөл ауданы прокурорының орынбасары (2012-2015), Қостанай облысы прокуратурасы Аппаратының басшысы (2017-2019), Қостанай ауданының прокуроры (2019 – 2022).
Қазіргі қызметін 2022 жылдың маусымынан бері атқарып келеді.
«Мінсіз қызметі үшін» ІІ, ІІІ дәрежелі медальдарімен, «ҚР прокуратурасына 20 жыл» медалімен, «Прокуратура үздігі» ІІ дәрежелі төсбелгімен марапатталған.