«Бүгінгі таңда «OTAUTV» абоненттері 120 телеарнаны көре алады, оның ішінде 55-і отандық каналдар, 65-і шетелдік. Біздің жұмысты бастағаннан қосылғандар саны 6,5 мыңнан 1,2 млн абонентке дейін арты. 1,2 млн абонент тұрғын үйлерге қосылған. Демек, 4 млн Қазақстан тұрғыны «OTAUTV» арналарын тамашалай алып отыр», - деді А.Хайрушев.
80 пайыз - абонент жер серік қосылғанға дейін 1-2 арна ғана көріп келген ауыл, аудан тұрғындары.
2016 жылдың наурыз айынан қазан айына дейін үлкен жоба жүзеге асты.
Нақтырақ айтқанда, «OTAUTV» жер серігін шетелдік Intelsat -904 ғарыш аппаратынан қазақстандық Kazsat-3 жер серігіне ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Kazsat-3-ке ауысуға 1,6 млрд теңге инвестиция тартылды.