4 мың жыл бұрын отырғызылған зәйтүн Еуропадағы ең көне ағаш болып танылды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия  ауыл және орман шаруашылығы министрлігі елдің ең көне ағаштарының тізімін дайындады, деп хабарлайды ТАСС.

«Бұл ағаштардың алғашқы санағы еліміздің табиғи байлығы туралы ақпаратты таратудың тиімді әдісі болды», - деп мәлім етті ведомствоның басшысы Маурицио Мартина.

Сардинияда өсетін зәйтүн ағашының тізбесін шамамен 4 мың жыл бұрын отырғызылған ағаш бастап тұр. «Ардагердің» бұтақтары 14 метр биіктікке жеткен, ал ағаштың ұшар басының диаметрі 21 метрден асады. Министрлік атап өткендей, бұл Еуропадағы ең көне ағаштардың бірі.