4 мыңға жуық кәсіби адвокаттар Қазақстан халқына ақысыз кеңес беруге дайын

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент Күнін мерекелеу аясында адвокаттық қоғамдастық кең ауқымдағы акцияны өткізуге ниетті. Осы орайда олар Ашық есік күнін өткізбек, деп хабарлайды Республикалық адвокаттар алқасының баспасөз қызметі.

«Қазақстан бойынша 4 мыңға жуық кәсіби қорғаушылар мамандандырылған заңгерлік көмекке мұқтаж азаматтарға ақысыз кеңес беруге дайын»,-делінген бұл мәліметтерде.

Аталған адвокаттар алқасы ұйымдастырып отырған шара 30 қарашада өткізілмек. Осы күні барша Қазақстан бойынша адвокаттық контораларда, заңгерлік кеңестерде, оның ішінде ауылдық жерлердегі осындай мекемелерде сағат 09:00-18:00 аралығында кез келген адам кеңес алуға келе алады екен.