«2022 жылғы ақпаратқа сәйкес, бюджет қаражаты есебінен қазақстандық 80 науқас, оның ішінде 71 бала шет елдерге емделуге жіберілген. Елдер бойынша пациенттердің көпшілігі Түркияға емделуге жолданды – 44 адам және Ресей Федерациясына – 13 адам, Германияға – 9, Үндістанға – 7, Беларусьқа – 6, Оңтүстік Кореяға – 1 адам жіберілді», - деп жазылған департамент хабарламасында.
Сондай-ақ 2022 жылы еліміздің медициналық ұйымдарында 3884 шетелдік пациент емделген, олардың ішінде 85% (3303 адам) шұғыл және 15% (581 адам) жоспарлы тәртіппен түскен.
«Медициналық туризм саласының ағымдағы жай-күйін бағалау Қазақстанға емделуге келетін шетелдік азаматтарда нейрохирургия, кардиохирургия, трансплантология, репродуктология (ЭКО), ортопедия және травматология, стоматология сұранысқа ие екенін көрсетеді», - деді Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінен.