4 наурыз. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 4 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
67 жыл бұрын (1958) Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Күләш Ноғатайқызы ШӘМШИДИНОВА дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын орта мектептің мұғалімі болып бастап, Киров аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Гвардия аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Талдықорған облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 1996-2002 жылдары Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, 2002-2005 жылдары ҚР Білім және ғылым вице-министрі, 2005-2007 жылдары «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры, 2007-2009 жылдары ҚР Білім және ғылым вице-министрі, 2009-2019 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ Басқарма төрайымы, 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрі, 2019-2023 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ Басқарма төрайымы қызметінде болды.
«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
58 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Фатихұлы ЖАҚСЫЛЫҚОВ дүниеге келді.
Алматы облысы Қаскелең қаласында туған. И. С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, М. В. Фрунзе атындағы Әскери академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын бітірген.
1987-2006 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерінің взвод командирінен әскер құрамасының командиріне дейінгі дәрежеге жетті. 2006-2007 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары, 2007-2008 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары — Бас штаб бастығы қызметтерін атқарған. 2008-2013 жылдары ҚР ІІМ ішкі әскер бас қолбасшысы, 2014-2021 жылдары Ұлттық ұланның бас қолбасшысы қызметінде болды. 2021-2022 жылдары — ҚР Ішкі істер министрінің орынбасарыы — Ұлттық ұланның бас қолбасшысы.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қаңтар айынан бері атқарып келеді.
КСРО және Қазақстан Республикасының 14 медалімен марапатталған.
49 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Ұлтты банк Төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлұлы ШОЛПАНҚҰЛОВ дүниеге келді.
1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметін талдау» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы ҚР Қаржы министрлігінің жанындағы Қазынашылық комитетінде Кассалық қаражат және мемлекеттік борыш басқармасының қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы лауазымынан бастады. Осы Комитеттің бас қазынашысы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді. 2001-2004 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қолма-қол ақшаны басқару және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасының бастығы, 2004-2008 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 2008-2014 жылдары ҚР Қаржы вице-министрі болды. 2014-2016 жылдары ҚР Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, 2016 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы, 2016-2019 жылдары ҚР қаржы вице-министрі, 2019-2021 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметінде 2021 жылдың сәуір айынан бастап.
ҚР Қаржы министрлігінің Құрмет грамоталарымен, «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, «Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы үлесі үшін» II дәрежелі медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, т. б. марапатталған.
48 жыл бұрын (1977) Алматы қалалық сотының судьясы Рүстем Мырзакәрімұлы МЫРЗАКӘРІМ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін бітірді. 2002 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің құқықтану магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолы: 1998-1999 жылдары Алматы қаласы прокуратурасының жанындағы ҚСжАО бөлімі прокурорының міндетін атқарушы, 1999-2000 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының көмекшісі, 2000-2001 жылдары Алматы қаласының Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі, 2001-2002 жылдары Алматы қаласы прокуратурасының қадағалау басқармасының прокуроры болып қызмет атқарған. 2002-2003 жылдары Алматы қаласы Прокуратурасының прокурорының аға көмекшісі, 2003-2004 жылдары Алматы қаласы бойынша Соттар Әкімшісінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің бастығы, 2004-2005 жылдары Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы, 2005-2007 жылдары Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы, 2007-2010 жылдары Алматы қаласы Жетісу ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы, 2010-2012 жылдары ҚР Әскери сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы, 2012-2013 жылдары Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы, 2013-2015 жылдары Алматы қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы, 2015-2020 жылдары Жамбыл облыстық сотының төрағасы, 2020-2024 жылдары Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы лауазымын атқарды.
Қазіргі қызметінде 2024 жылғы шілдеден бері.
31 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Наурыз Саятұлы САЙЛАУБАЙ дүниеге келді.
Жетісу облысы (Алматы облысы), Ақсу ауданы, Көкжайдық ауылында дүниеге келген. 2011-2015 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің дінтану факультетінде білім алған.
Еңбек жолы: 2017-2018 жылдары облыс аумағында діни мәселелерді зерделеу және діни инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру бөлімінің, Көксу ауданы бойынша инспекторы, 2017-2018 жылдары «Алматы облысы жастар ресуртық орталығы» КММ-нің филиалы «Талдықорған қаласы жастар ресурстық орталығы» мекемесінің кеңесші маманы, 2018-2019 жылдары «Алматы облысы жастар ресуртық орталығы» КММ-нің Рухани адамгершілік, құқтық тәрбие беру бөлімінің кеңесші маманы, 2019-2021 жылдары «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Респуликалық штабы» Алматы облысы бойынша I-дәрежелі менеджері, 2022 жылы «Алматы облысы жастар ресурстық орталығы» КММ-нің филиалы «Талдықорған қаласы жастар ресурстық орталығы» жетекшісі, 2022-2023 жылдары «Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасы» ММ-нің «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ-нің директерының орынбасары қызметін атқарған.
2023 жылғы наурыздан бастап VIII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. «ЖСДП» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды.