4 наурыз күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.
10.00-де Rixos қонақ үйінде «Жаңа жағдайдағы әйелдер кәсіпкерлігі: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты республикалық конференция өтеді. Онда ауылды дамытуға және ауыл әйелдерін қолдауға арналған іс-шаралар циклының басталғаны жарияланады.
11.00-де Елбасы кітапханасы мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бірлесіп, «Болашақ» президенттік стипендиясының білікті 30 түлегі» интерактив кездесуін өткізеді.
11.30-да «Ocean Baby Academy», «Думан» боулинг орталығы және «WangBa» компьютерлік клубында «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану бойынша баспасөз туры ұйымдастырылады.
14:00-де қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «COVID-19 кезінде туберкулез індеті бойынша елордадағы жағдай» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.
Спикерлер: Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығының директоры Анна Цепке, Нұр-Сұлтан қаласының бас штаттан тыс фтизиаторы Роза Жүсіпова; Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Жанна Пірәлиева.
Онлайн баспасөз конференциясы әкімдіктің Facеbook -тегі парақшасында тікелей эфирде өтеді.
15.00-де «Bolashaq» қауымдастығы «Табысты және бақытты қыздың заманауи бейнесі» атты әйелдер онлайн форумын өткізеді.
АЛМАТЫ
14.00-де Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде Covid-19 қарсы вакциналау туралы онлайн брифинг өтеді. Спикер – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали.
16.00-де Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов 2020 жылғы жұмыс қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер туралы брифинг өткізеді.