ЕСІМДЕР
Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын орта мектептің мұғалімі болып бастап, Киров аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Гвардия аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Талдықорған облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары (1996-2002); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі (2002-2005); «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры (2005-2007); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі (2007-2009); «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ Басқарма төрайымы (2009-2019). ҚР Білім және ғылым министрі (02.2019-06.2019).
«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Алматы облысы Қаскелең қаласында туған. И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын бітірген.
1987-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерінің взвод командирінен әскер құрамасының командиріне дейінгі дәрежеге жетті. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы қызметтерін атқарған. 2008 жылдың қыркүйегінен 2013 жылғы қаңтарға дейін ҚР ІІМ ішкі әскер бас қолбасшысы. 2014-2021 жж. - Ұлттық ұланның бас қолбасшысы қызметінде. 2021-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарыы – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қаңтар айынан бері атқарып келеді.
КСРО және Қазақстан Республикасының 14 медалімен марапатталған.
1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметін талдау» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қазынашылық комитетінде Кассалық қаражат және мемлекеттік борыш басқармасының қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы лауазымынан бастады. Осы Комитеттің бас қазынашысы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді. 2001 жылғы қазаннан бастап 2004 жылғы шілдеге дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қолма-қол ақшаны басқару және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасының бастығы. 2004 жылғы шілдеден бастап 2008 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 2008 жылғы желтоқсаннан бастап 2014 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі. 2014 жылғы шілдеден бастап 2016 жылғы қарашаға дейін - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. 2016 жылғы қарашадан бастап желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы. 2016-2019 жылдары – ҚР қаржы вице-министрі. ҚР Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі (2019-2021).
Қазіргі қызметінде 2021 жылдың сәуір айынан бастап.
Марапаттары: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құрмет грамоталары, «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі, «Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы үлесі үшін» II дәрежелі медалі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі, т.б.
Алматы қаласында туған. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін бітірді. 2002 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің құқықтану магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолы: 1998-1999 жылдары – Алматы қаласы прокуратурасының жанындағы ҚСжАО бөлімі прокурорының міндетін атқарушы. 1999-2000 жылдары –Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының көмекшісі. 2000-2001 жылдары – Алматы қаласының Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі. 2001-2002 жылдары – Алматы қаласы прокуратурасының қадағалау басқармасының прокуроры. 2002-2003 жылдары – Алматы қаласы Прокуратурасының прокурорының аға көмекшісі. 2003-2004 жылдары – Алматы қаласы бойынша Соттар Әкімшісінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің бастығы. 2004-2005 жылдары – Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы. 2005-2007 жылдары – Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы. 2007-2010 жылдары – Алматы қаласы Жетісу ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы.2010-2012 жылдары – ҚР Әскери сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы. 2012-2013жылдары – Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы. 2013-2015 жылдары – Алматы қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы. 2015-2020 жылдары – Жамбыл облыстық сотының төрағасы.
Қазіргі қызметінде 2020 жылғы ақпаннан бері.