4 наурызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 4 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсуге құжаттарды қабылдау» жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл. Көрсетілім сілтемелері: ttps://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/user/ortcomkz

11.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бейбіт Исабаев пен Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы Ақылбек Күрішбаевтың студенттермен кездесуі өтеді.

16.00-де КазГЮУ университетінде «Болашақ» қауымдастығы «Bolashaq Women's Empowerment Forum» әйелдер форумын өткізеді.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде Мәриям Хәкімжанованың 115 жылдық мерейтойына арналған жыл сайынғы «Таң Шолпан» көрмесінің ашылуы өтеді.

17.00-де «Rixos President Astana» қонақ үйінде Түркия Республикасының Вице-Президенті Фуат Октай мырзаның Қазақстан Республикасына сапары шеңберінде ҚР Премьер-Министрі А. Смайыловтың төрағалығымен Қазақстан-Түркия бизнес-форумы өтеді.

19.00-де Астана Балет театрында «Astana Ballet Gala» концерттік бағдарламасы көрсетіледі.