Шектеу қойылған жолдар:
Ақтөбе облысы:
- «Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 104-337 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Атырау облысының шекарасы);
- «Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 14-104 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы - Қандыағаш қаласы);
- «Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы» автожолының 526-675 шақырым аралығы (БҚО шекарасы - Сарытоғай ауылы);
- «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы - Қызылорда облысының шекарасы).
Атырау облысы:
- «Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 337-517 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Доссор а.).
Батыс Қазақстан облысы:
- «Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы» автожолының 394-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы - Ақтөбе облысының шекарасы).
Қызылорда облысы:
- «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қаласы).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 852 арнайы техника мен 2125 маман жұмылдырылды.
Осыған дейін Атырау облысында ауа райының қолайсыздығынан екі бағыттағы жол жабылғаны туралы жаздық.