4 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

29 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағайойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел алдымен оңтүстік-батыстан, артыншасолтүстік-батыстан соғады, оның жылдамдығы кей жерлерде түнде 15-20 м/с, күндіз15-20 м/с болып, екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Қостанай қаласында 29 шілдеде найзағайжарқылдайды. Жел оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығыкүндіз 15-20 м/с айналасында болады.

29 шілде күні таңертең және күндіз Түркістаноблысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, дауыл тұруы мүмкін. Кей жерлердешаңды дауыл соғады, жел алдымен оңтүстік-батыстан, артынша солтүстік-батыстынсоғады, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-қа жетеді.

Шымкентте 29 шілде күні таңертең және күндіз желоңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

29 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінденайзағай ойнайды. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Жел оңтүстіктен,оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы - түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басымбөлігінде 15-20 м/с.

Көкшетауда таңертең және күндіз найзағай ойнауымүмкін. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қажетуі мүмкін.

29 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінденайзағай ойнап, дауыл тұрады, шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел батыстан соғады,түнде кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-қажетуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар