Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті.
«Президент Алматы облысында мас жүргізушінің төрт оқушы қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Екі қыз ауыр халде ауруханада жатыр. Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетіледі» деп жазды Берік Уәли.
Еске сала кетейік, бүгін Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақатын алған үш бала ауруханаға жатқызылды.
Көлік қаққан екі оқушының жағдайы өте ауыр.