АТАУЛЫ КҮНДЕР
Мина қаупі мәселелері бойынша ағарту жұмыстары мен минасыздандырумен байланысты көмектің халықаралық күні. 2006 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен атап өтіледі.
Веб-шебер күні
Веб-шеберлер мейрамын атап өту үшін осы күннің таңдалуы тегін емес. Нақтылап қараса 4.04 цифрлары 404 санын (интернет-парақшаның табылмауын көрсететін) еске түсіреді. Веб-мастер немесе сайттың «басқарушысы» веб-сайт және интернеттегі корпоративтік қосымшаны жасаумен айналысады.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
1861 жылы Коряковская станицасы Павлодар деп аталып, қала статусына ие болды.
1930 жылы Біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) алқасының үкімімен Ахмет Байтұрсынов бастаған қырыққа жуық адам әртүрлі мерзімдерге қамалуға, жер аударылуға кесілді. Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мырзағали Есболов, Хәлел Ғаббасов, Дінмұхамед Әділов, Жүсіпбек Аймауытов, Ғазымбек Бірімжанов, Әбдірахман Байділдин, Асқар Дулатов, Теміржан Есмағамбетов және тағы басқалары (барлығы 20 адам) ату жазасына кесілді. Ол үкім кейін он жыл мерзімге лагерьде жазасын өтеуге ауыстырылды.
1992 жылы Алматыда ТМД елдерінің мемлекеттік қауіпсіздік және барлау органдарының арасындағы ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге қол қойды.
1994 жылы «Қазақстан телеарнасы және радиосы» республикалық корпорациясы құрылды.
1994 жылы Корей Халықтық Демократиялық Республикасында «Сәуір көктемі» атты халықаралық фестиваль өтті. Онда «Отырар сазы» ансамблі (жетекшісі - Нұрғиса Тілендиев) бірінші орын алды.
1997 жылы Жамбыл университетіне белгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес облыстардың тарихы жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын «Тарих-и Рашиди», «Джаһаннаме» дастандарының авторы Мұхаммед Хайдар Дулати есімі берілді.
2006 жылы Мәскеудегі Чистопрудный бульварында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Абай ескерткіші ашылды. Абай ескерткіші Қазақстан халқының Мәскеу қаласына жасаған сыйлығы, жалпы құны 160 млн 800 мың теңгені құрайды. Ескерткіш жобасын қазақстандық мүсінші М.Әйнеков пен дизайнер Т.Сүлейменов басшылық жасаған авторлық топ жасаған.
2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудің құрыш және қорытпалар мемлекеттік институтының профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесуге Мәскеудің жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер, институттың профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Оның барысында институттың ректоры Юрий Карабасов Қазақстан басшысына Мәскеу құрыш және қорытпалар мемлекеттік институтының құрметті профессоры атағы берілгенін хабарлады. Президентке диплом, Құрметті профессор белгісі, мантия және институт ордені тапсырылды. Марапаттау рәсімінен кейін сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев ғалымдар кеңесіне алғысын білдірді, институттың даңқты дәстүрлері туралы айтты және оны бітірушілердің дені Қазақстанда табысты еңбек етіп жатқандарын атап көрсетті.
2006 жылы Мекке қаласында Қос киенің шырақшысы Сауд Арабиясының Королі Абдалла бен Әбділ Әзіздің қамқорлығымен "Ислам үмбетінің бірлігі" атты мұсылман-ғұламаларының бірінші халықаралық конференциясы өтті. Форум жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысты. Конференцияға әлемнің 150 мемлекетінен келген атақты ислам ғалымдары, дін істері жөніндегі министрлері, ислам орталықтары мен ұйымдарының басшылары қазіргі заманның қауіптері аясындағы мұсылман бірлігін нығайту жолдарын талқылады.
2007 жылы Семей облысының 1939-1997 жылдардағы әкімшілік-аумақтық бөліну тарихы туралы бірегей анықтама жарық көрді. Анықтамада мерзімдік ретте барлық әкімшілік-аумақтық өзгерістер, аудандардан бастап елді мекендерге дейін әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын өзгертулері көрсетіліп берілген. Кітапқа енгізілген барлық мәліметтер Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихының құжаттама орталығында сақталған ресми құжаттар негізінде алынған.
2008 жылы Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін қайта жаңғырту жобасының таныстырылымы өтті. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі осы аймақтағы жүк тасымалының негізгі бағыты саналады. Дәліз заманауи зияткерлік жүйелер мен логистикалық орталық қызметтерін қамтыған жоғары деңгейлі қызметтер көрсетеді. Дәліздің кейбір учаскелерінде жоспарланып отырған ақылы жолдар жүйесі көрсетілетін қызметтің сапасы мен жеделдігін қамтамасыз етпек. Жоба жүк тасымалының үш басты бағытына: Қытай-Орталық Азия, Қытай-Қазақстан, Қытай-Ресей-Батыс Еуропа бағыттарына қызмет көрсететін болады.
2008 жылы Семейде диагностикалық орталықта Виктор Чувилевке арналған мемориалдық тақта ашылды. Бұл адам қалалық және облыстық бірқатар медициналық мекемелердің қалыптасуына өз үлесін қосты. Ол өзінің еңбекқорлығымен және адамдарға деген ықыласымен шүбәйсіз абырой мен тұрғындардың ықыласына бөленді.
2008 жылы Алматыда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Ресейлік «Нобель дәрістері - 100 жыл» қоры Нобель сыйлығының 1901-2000 жылдар аралығындағы лауреаттарының еңбектерінен тұратын 50 томдық кітаптар топтамасы мен «Нобель дәрістері» атты көрме стендісін сыйға тартты. Әлемде бұдан басқа Нобель сыйлығы иегерлері еңбектерінің толық топтамасы кездеспейді. Топтама өткен 100 жылдықтағы химия, физика, медицина, әдебиет, бейбітшілікті нығайту мен экономика ғылымдарындағы ең жоғарғы жетістіктер мен көрнекті ғылыми-техникалық ашылуларды бейнелейді.
2012 жылы Астанада еңбек дауының алдын алу бойынша Меморандумға қол қойылды.
2013 жылы Өскемендегі қазақстандық көлік құрастыратын «Азия Авто» зауыты жаңа «Skoda Rapid» моделін жинай бастады.
2014 жылы Берлин қаласында мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-германия үкіметаралық комиссиясының кезекті төртінші мәжілісі болып өтті.
2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Манкент ауылында поляк әскерлері жерленген молада ескерткіш мемориалы ашылды. Оның салтанатты ашылу рәсіміне Польшаның Азап шегушілік және жадыны сақтау кеңесінің бас хатшысы Анджей Кунеров пен Польшаның Қазақстандағы елшісі Яцек Ключковски бастаған Польша делегациясы қатысты.
1949 жылы Вашингтонда АҚШ, Бельгия, Ұлыбритания, Голландия, Дания, Исландия, Италия, Канада, Люксембург, Норвегия, Португалия және Франция мемлекеттері Солтүстік Атлантикалық шартқа қол қойып, НАТО әскери-саяси блогы құрылды. 1952 жылы шартқа Грекия мен Түркия, 1955 жылы Германия Федеративтік Республикасы, 1982 жылы Испания, 1999 жылы Венгрия, Польша, Чехия қосылды. 2004 жылы Болгария, Латвия, Литва, Румыния, Словакия, Словения, Эстония мемлекеттері НАТО-ға мүшелікке өтті. Барлық мүше мемлекеттердің елшілері деңгейіндегі өкілдерден тұратын Солтүстік Атлантикалық Кеңес (НАТО кеңесі) НАТО-ның жоғары саяси органы болып табылады. Жылына екі рет НАТО Бас хатшысының төрағалығымен кеңес өтеді. НАТО кеңесінің штаб-пәтері Брюссель (Бельгия) қаласында орналасқан.
ЕСІМДЕР
Иран Ислам Республикасында туған. Мәскеу мемлекеттік университетін және оның аспирантурасын бітірген.
Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет) доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі, проректоры, Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институты директорының орынбасары, Қазақстан Ғылым Академиясының бірінші вице-президенті, Органикалық катализ және электрхимия институтының директоры қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері каталитикалық гидрогендеу теориясы мен тиімділігі жоғары гидрлеу катализаторларын жасауға, гидратациялау, тотықтыру және кіші молекулалар негізінде синтездеу процестеріне, іргелі және қолданбалы ғылымды ұштастыруға арналған. Оның басқаруымен күрделі органикалық заттарды (майлар, хош иісті заттар, витаминдер) талғамдап гидрлейтін, автокөліктер мен көптеген өнеркәсіпте кеңінен қолданылатын өндірістік катализаторлар жасалды. 1800-ден аса ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 20 шетелдік патенті, 500 авторлық куәлігі және 18 монографиясы бар. Екі рет Еңбек Қызыл Ту, Ленин, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері.
Көркем әдебиет саласындағы туындылары: «Үміт үзгім келмейді» (1981), «Жарлы емеспін, зарлымын» (2001) деген хикаяттары және «Ұлыма хат» (2005), «Қариялар» (2007) атты эсселері жарық көрген. Сондай-ақ біраз жылдар бойы көркем аударма жасаумен де айналысты. Армян жазушысы Леонид Гурунцтың «Шіркін біздің Шушикент» хикаятын (1971), украин қаламгері Василь Козаченконың «Найзағай», «Ажалханада салынған суреттер» хикаяттарын (1979), өзбек қаламгерлері Саид Ахмадтың «Көкжиек» романын (1981), Пірімқұл Қадыровтың «Жұлдызды түндер» романын (1986) қазақ тіліне тәржіма жасады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық Ғылымдар академиясының академигі, Күлтегін атындағы сыйлықтың иегері (2005), Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2001), Украинаның «Почесна відзиака» («Құрмет белгісі») медалімен марапатталған (2008).
Ол Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ химия-технология институтын тәмамдаған. Техника ғылымының кандидаты.
Еңбек жолы: Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Совет ауылында орта мектептің лаборанты (1958-1960); Шымкент цемент зауытында слесарь (1961-1967); Шымкент облыстық тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорнында инженер, бас инженер (1967-1969); Силикат-бетон зауытының шебері, диспетчері, прорабы, директоры, Шардара ауданындағы «Өнеркәсіптік құрылысматериалы» трестінің бас технологы (1969-1980); «Оңтүстік құрылыс конструкциясы» тресінің бас инженері, басшысы (1980-1988); «Оңтүстік құрылыс конструкциясы» мекемесінің бас директоры (1988-1992); Шымкент қаласының әкімі (1992-1994); Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің өнеркәсіп, энергетика, көлік және байланыс комитеті төрағасының орынбасары (1994); Қазақстан Республикасы құрылыс, тұрғын үй және аймақтарда құрылыс салу министрі (1994-1995); Жамбыл облысының әкімі (1995-1998); «Адис» фирмасының кеңесшісі (1998-1999).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің 12-ші және 13-ші шақырылымының, 1999-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші шақырылымының, 2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылымының депутаты. Қазіргі лауазымын 2008 жылдан бері атқарып келеді.
«Құрмет белгісі», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
Ол Көкшетау облысының Щучинск қаласында туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын инженер-құрылысшы мамандығымен (1997); Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін экономист мамандығымен (2001); Көкшетау экономика және менеджмент институтының магистратурасын экономика бағыты бойынша (2004) бітірген.
Еңбек жолы: «Старт» ЖШС бас директоры (1997-2000); «Ақмолақұрылыс» ЖШС бас директоры (2000-2004); «Сарыарқа» ӘКК ҰК» АҚ атқарушы директоры (2007-2008); Көкшетау қаласының әкімі (2008-2010); ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі (2010-2012); «Росатом» МК «РУСБУРМАШ» ЖАҚ Қазақстан Республикасы бойынша филиалының директоры (2013-2016); «ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің аумақтық департаменті - «Бурабай» арнаулы экономикалық аймағының әкімшілігі» РММ басшысы (2016-2017); «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары (2017).
Қазіргі лауазымын 2017 жылғы шілдеден бері атқарып келеді.
Жамбыл облысында туған. 1996 жылы «Элтекс» Жамбыл жоғарғы кәсіпкерлік мектебінің кәсіпкер-маркетолог біліктілігін алып шыққан.
2003 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік қызметкердің менеджері; 2010 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Жамбыл облысы Талас ауданы Бостандық асыл тұқымды совхозында жұмысшы (1990-1992); «Элтекс» Жамбыл жоғарғы кәсіпкерлік мектебінің білімгері (1992-1994); Талас ауданы Бостандық акционерлік қоғамының жұмысшысы (1994-1995); Талас ауданы Бостандық ауылдық округінің әкімі (1995-1997); Талас ауданы Бостандық ауылдық округі әкімінің орынбасары (1997-1998); Талас ауданы Бостандық ауылдық округінің әкімі (1998-2000); Талас ауданы Қаратау қаласы әкімінің орынбасары (2000-2002); ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясының тыңдаушысы (2002-2003); ҚР Парламенті Сенаты Аппараты ұйымдастыру бөлімінің консультанты (2003); ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті басқармасының бастығы (2003-2004); «ALIT» ЖШС бас директорының орынбасары (2004); ҚР Парламенті Сенаты төрағасы орынбасарының көмекшісі (2004-2006); ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі (2006-2011); Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары (2011-2013); Жамбыл ауданының әкімі (2013-2015); Шу ауданының әкімі (2015-2017).
Қазіргі лауазымын 2017 жылдың наурызынан бері атқарып келеді.
2005 жылы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» және 2014 жылы «Қазақстан Республикасы маслихаттарына 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
«Парасат» орденімен марапатталған.
I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.
Ол Алматыда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетін (денешынықтыру және спорт кафедрасы) денешынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірген (2016).
2008 жылы Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына қабылданды. 14 жасында Екатеринбург қаласында (Ресей) жасөспірімдер арасындағы Александр Попов Кубогында алғашқы жүлдесіне ие болып, Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады. 2011 жылы Джакартада (Индонезия) VII Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Дмитрий Алексеевтің жетекшілігімен жаттықты (2012-2016). Инчхондағы (Корея) Азия ойындарында иеленген үш «алтыны» үшін ҚР-дың халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алды (2014); 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Олимпиада ойындарында 100 метрлік қашықтықта - 8-ші орын, 200 метр қашықтықта (2: 08,20) 1-орын алды. 2017 жылы Тайбейдегі (Тайвань) Жазғы универсиадада: 100 метр қашықтықта қола және 200 метрлік жарыста күміс медаль еншіледі.