4 сәуірде Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 4 сәуір күні өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

Астана қаласы

Сағат 09.30-да «Пекин палас» отелінде Қытайды зерттеу жөніндегі орталық ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтымен бірлесе отырып, «Қазіргі Қытай: сауалдар мен жауаптар» сериясымен кезекті семинар өткізеді. Бұл жолғы тақырып - «Қазіргі заманғы Жібек жолы: экономикадан да жоғары».

Сағат 10.00-де «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев азаматтарды жеке қабылдауын өткізеді.

Сағат 10.00-де ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Жұмыспен қамту және көші-қон туралы заңнамаға енгізілер өзгертулер» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 11.00-де «Rixos» отелінде Каспий Тұрбақұбыры Консорциумы басшылығының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 11.20-да Үкімет үйінде «КазАгроГрант» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақаев, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Жандар Омаров және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Сейсенбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Тақырыбы - «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру аясында ауыл кәсіпкерлігін дамыту туралы».

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Ресурстарды ұтымды пайдалану» жөніндегі Жолдауын іске асыруға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының «Төртінші индустриялық революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыруға арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Спикері - ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Сағат 17.00-де «Хилтон Астана» қонақүйінде «Теңізшевройл» ЖШС-ның 25 жылдығына арналған салтанатты шара болады.

Алматы қаласы

Сағат 10.00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Спартак» стадионында 15-16 жасар оқушылар арасында «Жас ұлан» қалалық әскери-спорттық ойыны өтеді.

Сағат 10.00-ден бастап Ықлас атындағы халық аспаптар музейінде Құрманғазы домбырасының көшірмесін ресми қабылдау шарасы өтеді.

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасындағы Н.Дәулетова атындағы көрме залында жазушы Немат Келімбетовтің туған күніне орай еске алу шарасы өтеді.

Сағат 12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «2018 жылғы 1 сәуірден бастан гемофилиямен ауыратын емделушілерді дәрі-дәрмекпен қамту» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 15.30-да «Атамекен» ҰКП-да «Құрылысқа рұқсат алу және электрмен қамту жүйесіне қосу саласында бизнесті мемлекеттік реттеу сапасын жақсарту мақсатында ҚР заңнамасын жетілдіру жөніндегі мемлекеттік реформалар» деген тақырыпта кеңес өтеді.


Қостанай облысы

Сағат 11:00-де Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен барлық деңгейдегі әкімдердің кеңейтілген отырысы өтеді.


Қызылорда облысы

Сағат 11-00-де Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында 2018 жылдың 4 сәуір -15 сәуір аралығында «Кездесу» атты көрме ұйымдастырылады. Көрмеге Қызылорда қаласының суретшілері, Қазақстан  Суретшілер Одағының мүшелері Темірбек Сағынбаев, Ғалым Тлеубергенов және Гүлнәр Рамазановалардың  қолынан шыққан 60-тан астам кескіндемелік шығармалары қойылады.


Ақтөбе облысы

Сағат 11.00-де Ақтөбедегі Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры А.Бердалиннің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р.Бисеновтің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтеді. Жиын тақырыбы: Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің заманауи ахуалы.