4 сәуірде таулы өңірлерде қар жамылғысының еруі күшейе түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет  4 сәуірде  Қазақстанның таулы аумақтарында, сондай-ақ шекаралық өңірлерінде ауа райының қандай болатындығы жөнінде мәліметті таратты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Синоптиктердің атап өтуінше, аласа таулық аумақтарда температураның қолайлы болуы  қар жамылғысының еруіне соқтырады. Қар жамылғысының өзгеруі 22-ден 2 сантиметрге дейін.

Өткен тәуліктерде Қазақстанның шығысындағы таулы өңірлерде кей жерлерде аздаған жауын-шашын байқалды. Ал қалған аймақтарда күн ашық болды.

Қаратау тауларында жел күшейіп, жылдамдығы15 м/с жетті. 4 сәуірде  Талас Алатауына жаңбыр жауып, ал Батыс Алтай тауларында қар түсуі күтіледі.

Іле, Жетісу Алатауында - күн ашық, ауа температурасы: 2000 метр биіктікте: түнде  0° шамасында, күндіз 7-9° жылы, 3000 метр биіктікте: түнде 3-5° суық, күндіз 3-5° жылы.

Қырғыз Алатауында - күн ашық, ауа температурасы: түнде  0-5°, күндіз 11-16° жылы.

Талас Алатауында - аздап жаңбыр жауады, ауа температурасы: түнде 1-6°, күндіз 10-15° жылы.

Батыс  Алтай - түнде кей жерлерде аздап қар жауады, ауа температурасы: түнде 5-10° суық, күндіз 0- 5° жылы.

Хребет Тарбағатай жотасы - күн ашық, ауа температурасы: түнде 5-10° күндіз 3-8° суық.