4 сәуірде күн ашық болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 4 сәуір, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Pixabay

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі Батыс антициклонының ықпалында болады. Сондықтан жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Тек елдің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай жарқылдайды.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, батыста, оңтүстікте жел күшейеді.

Түркістан облысында дауыл тұрады.