4 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 4 шілде күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

8.30-да Егемен Қазақстан көшесінде Астана күнінің 25 жылдығы аясында «Журналистер аллеясы» ашылады.

10:00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.

10.00-де «Астана» халықаралық қаржы орталығында «Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы маңызды шикізат саласындағы іскерлік әріптестік» форумы өтеді.

11.00-де Конгресс орталықта «Астананың 25 жылдығы: Астана – болашақ қаласы» бауырлас қалалар әкімдерінің форумы өтеді.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Бала денсаулығын қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» онлайн брифинг өтеді. https://www.facebook.com/rsk.astana01

15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Биылғы вегетациялық кезеңді өткізу туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

17.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында «Әзіл әлемі» концерті өтеді.

19.00-де «Астана балет» театрында испандық «RAJATABLA DANZA» ұжымы «Anemoi» спектаклін ұсынады.