4 шілде. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 4 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform/Midjourney

ЕСІМДЕР

52 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы БАЛАЕВА дүниеге келді.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Алматы облысы, Жамбыл ауданының Жамбыл ауылында туған. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1999-2002 жылдары Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, 2002-2004 жылдары Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы, 2004 жылы Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы, 2004-2005 жылдары Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары, 2005-2006 жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, 2006-2008 жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры, 2008-2010 жылдары Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы лауазымын атқарған. 2010-2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары, 2014-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 2019-2020 жылдары ҚР Президентінің көмекшісі — ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі, 2020-2022 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі, 2022-2023 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінде болды.

2025 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.

57 жыл бұрын (1969) Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Сағынтайұлы ТӨЛЕБАЕВ дүниеге келді.

Фото: Астана қалалық полиция департаменті

Қостанай облысы Науырзым ауданы Докучаевка ауылында дүниеге келген. 1992 жылы ҚСРО ІІМ Алматы арнайы орта милиция мектебін, 1998 жылы ҚР ІІМ Алматы заң институтын, 2004 жылы ҚР ІІМ Академиясының басшы құрамды даярлау институтын тәмамдаған. Білімі бойынша мамандығы: заңгер, заңтану магистрі.

Еңбек жолы: 1992 жылы Қостанай облысы МТКБ Наурызым ауданы бойынша МТКБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, 1996 жылы Қостанай облысы МТКБ Орджоникидзе ауданы МТКБ экономикалық қылмыстармен күрес бөлімінің бастығы, 1997 жылы Қостанай облысы ІІБ жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, 1999 жылы Қостанай облысы ІІБ Науырзым ауданы ІІБ бастығының орынбасары, 2004 жылы Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасының тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2005 жылы Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, 2008 жылы Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, 2010 жылы Астана қаласы ІІД Тергеу бойынша басқармасы бастығының орынбасары, 2011 жылы Астана қаласы ІІД Сарыарқа ауданы ІІБ бастығы, 2013 жылы Астана қаласы ІІД Алматы ауданы ІІБ бастығы, 2016 жылы Қостанай облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары, 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.

Қазіргі қызметін 2022 жылғы қаңтардан бастап атқарып келеді.

51 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі Бағланбек Есембекұлы АЙТПАЕВ дүниеге келді.

Фото: Б.Айтпаевтың жеке архивінен

Ақмола облысының Жақсы ауданында дүниеге келген. Б.Момышұлы атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шымкент заң колледжін (1998) және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (2007) бітірген.

Еңбек жолы: Ақмола облыстық Ішкі істер департаментінде, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінде әртүрлі лауазымдарды атқарды (1998-2015); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің Қоғамдық тәртіпті қорғау және жол қауіпсіздігін ұйымдастыру департаментінің бастығы (2015-2022); Түркістан облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары (2022-2025); Түркістан облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары (2025-2026).

2026 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

Ол «Ерлігі үшін», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «ҚР Конституциясына 30 жыл», «ҚР полициясына 30 жыл» медальдарымен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталған.

45 жыл бұрын (1981) Батыс Қазақстан облысының прокуроры Нұрбек ҰЛАСБЕКҰЛЫ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында дүниеге келген. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін (2002) заңтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Қызылорда облысы Жалағаш ауданы прокурорының көмекшісі (2002-2003); Қызылорда қалалық прокуратурасының сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау бөлімінің аға прокуроры (2003-2005); Қызылорда қаласының аға прокурорының көмекшісі; Қызылорда қаласы прокурорының Қызылорда қаласы мемлекеттік прокуратурасының қызметінде заңдылықты қадағалау жөніндегі аға көмекшісі; Жамбыл облыстық прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау департаментінің және тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау департаментінің прокуроры (2006-2007); Жамбыл облысының Т. Рысқұлов, Жамбыл және Қордай аудандары прокурорының орынбасары (2007-2010); Жамбыл облысының Мойынқұм, Жуалы, Мерке Қордай аудандарының прокуроры (2013-2021); Жамбыл облысы прокурорының орынбасары (2021-2025).

2025 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.

44 жыл бұрын (1982) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұржан Асқарұлы ТҰРСҰНХАНОВ дүниеге келді.

Фото: ҚР Ұлттық банкі

Жамбыл облысының Аса ауылында дүниеге келген. Ноттингем университетін (2003) экономика бакалавры дәрежесімен, Назарбаев университетін (2020) Executive MBA дәрежесімен бітірген.

Еңбек жолы: HSBC Bank Kazakhstan ЕБ АҚ Қазынашылық департаментінде трейдер (2003-2004); Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-несие операциялары департаментінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді (2004-2012); Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің «Ұлттық инвестициялық корпорация» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2012-2015); Алматы қаласы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК АҚ төрағасының орынбасары (2015); Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-несие операциялары департаментінде басшылық лауазымдар (2015-2019); Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-несие операциялары департаментінің директоры (2019-2026).

2026 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

39 жыл бұрын (1987) «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры Маждай Мағауиұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

Фото: ҚМГ

Павлодар химия-механикалық колледжін «Мұнай және газды өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша бітірген (2009); Тюмень мемлекеттік мұнай және газ университеті, «Газ және мұнай құбырлары мен қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы (2013); Инновациялық Еуразия университеті, «Іскерлік басқару» мамандығын алған (2022).

Еңбек жолы: № 3 (КТ-1) технологиялық цехының күкірт шикізатының абсорбциялық-газды фракциялау қондырғысы технологиялық қондырғыларының 4-разрядты операторы (2010-2013); No3 (КТ-1) технологиялық цехының өндірістік дайындау инженері (2013-2016); КППН (Мұнайды бастапқы өңдеу кешені) нафталық бөлгіш және изомерлеу қондырғысының 6-разрядты технологиялық қондырғыларының операторы (2016-2017); КПСН (Жеңіл мұнай өнімдерін өндіру кешені) изомерлеу және нафтаны бөлу қондырғысының 6 санатты технологиялық қондырғыларының операторы (2017); KPSN/PPPN (Жеңіл мұнай өнімдерін өндіру кешені/Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі) изомерлеу және нафтаны бөлу қондырғысының басшысы (2017-2018); Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің жедел үйлестірушісі (2018-2019); Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің аға операциялық үйлестірушісі (2019-2021); «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС жеңіл мұнай өнімдерін өндіру бөлімінің бастығы (2021-2022); Техникалық бөлім бастығы — «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС өндірістік бөлімінің бас технологы (2022-2024); «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы — бас инженер (2024-2025); «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары — бас инженер (2025-2025).

Қазіргі қызметін 2025 жылдың сәуір айынан бері атқарып келеді.

100 жыл бұрын (1926-2013) әнші (лирикалық баритон), КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, профессор Ермек Бекмұхамедұлы СЕРКЕБАЕВ дүниеге келген.

Фото: egemen.kz

Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін (Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Ермек Серкебаев орындаған партиялардың ішінде Ахмет Жұбанов және Латиф Хамидидің операсындағы Абайды, «Біржан мен Сара» операсындағы Қожағұлды, Амангелдіні, Петр Чайковскийдің «Евгений Онегин» және «Пиковая дамасында» Онегин мен Елецкийді, Джоаккино Россинидің «Севиль шаштаразында» Фигароны, «Укрощение строптивойда» Петруччионы, Евгений Брусиловский мен Еркеғали Рахмадиевтің операсындағы Ер Тарғын және Алпамыс батырларды және басқа да көптеген операларда ойнаған. Кино өнері саласына да атсалысып, «Тақиялы періште», «Біздің сүйікті дәрігер», т. б. фильмдерге түскен. Гастрольдік сапармен әлемнің 50-ден аса елдерінде болған. 1973 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында вокал класы бойынша дәріс берген. 2006 жылы Мәскеу консерваториясының үлкен залында ән шырқаған. 1947 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында солист болды. КСРО Жоғарғы Кеңесі 7-шақырылымының депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 8, 11-шақырылымдарының депутаты.

«Отан», Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, 2 мәрте Ленин ордендерімен, медальдармен марапатталған. КСРО мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаты, вокалистер мен балет әртістерінің бүкілодақтық конкурсы сыйлығының және «Тарлан» сыйлығының иегері.