ЕСІМДЕР
50 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы БАЛАЕВА дүниеге келді.
Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында туған. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1999-2002 жылдары Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, 2002-2004 жылдары Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы, 2004 жылы Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы, 2004-2005 жылдары Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары, 2005-2006 жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, 2006-2008 жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры, 2008-2010 жылдары Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы лауазымын атқарған. 2010-2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары, 2014-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 2019-2020 жылдары ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі, 2020-2022 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі, 2022-2023 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінде болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.
67 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлтты желі қызметі президиумының төрағасы Алик Жатқамбайұлы ШПЕКБАЕВ дүниеге келді.
Алматы облысы Қаскелең ауданы Абай ауылында туған. 1980 жылы КСРО ІІМ Шымкент арнайы орта мектебін, 1987 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1993 жылы РФ ІІМ Академиясын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: 1974-1975 жылдары Талғар қаласы Талғар ауыл шаруашылығы техникумының студенті болды. 1975-1977 жылдары Кеңес Әскерінің қатарында қызметте болды. 1978 жылы Алматы облысы бойынша Каменка ауылында ҚЖМК слесарі, 1980-1984 жылдары Алматы облыстық ІІБ ЕТК-71 жедел бөлімінің отряд бастығы, инспекторы, СИ-1 жедел бөлімінің инспекторы, 1984-1988 жылдары Қаскелең аудандық ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі, аға жедел өкілі, 1988-1989 жылдары Қаскелең аудандық ІІБ Каменка ауылдық милиция бөлімінің бастығы, 1989-1991жылдары Алматы облысының Балқаш АІІБ бастығы, 1991-1993 жылдары Мәскеу қаласы КСРО және РФ ІІМ академиясының тындаушысы, 1994-1995 жылдары Алматы облысының Қаскелең аудандық ІІБ бастығы, 1995-1997 жылдары Алматы облысы бойынша МТКБ бастығының орынбасары, Алматы облысы бойынша МТКД аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бастығы, 1997-2000 жылдары жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу жөніндегі басқармасының бастығы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған. 2000-2003 жылдары Алматы облысы бойынша ІІБ бастығы, 2003-2008 жылдары ҚР ішкі істер вице-министрі, 2008-2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, 2014-2015 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, 2016 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. 2016 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, тағайындалды, 2017-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, 2019-2021 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.
II дәрежелі «Айбын», II дәрежелі «Даңқ» және «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарімен, сондай-ақ ведомствалық медальдарымен наградталған. ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері. Алматы облысының Құрметті азаматы.
55 жыл бұрын (1969) Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Сағынтайұлы ТӨЛЕБАЕВ дүниеге келді.
Қостанай облысы Науырзым ауданы Докучаевка ауылында дүниеге келген.1992 жылы ҚСРО ІІМ Алматы арнайы орта милиция мектебін, 1998 жылы ҚР ІІМ Алматы заң институтын, 2004 жылы ҚР ІІМ Академиясының басшы құрамды даярлау институтын тәмамдаған. Білімі бойынша мамандығы: заңгер, заңтану магистрі.
Еңбек жолы: 1992 жылы Қостанай облысы МТКБ Наурызым ауданы бойынша МТКБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, 1996 жылы Қостанай облысы МТКБ Орджоникидзе ауданы МТКБ экономикалық қылмыстармен күрес бөлімінің бастығы, 1997 жылы Қостанай облысы ІІБ жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, 1999 жылы Қостанай облысы ІІБ Науырзым ауданы ІІБ бастығының орынбасары, 2004 жылы Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасының тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2005 жылы Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, 2008 жылы Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, 2010 жылы Астана қаласы ІІД Тергеу бойынша басқармасы бастығының орынбасары, 2011 жылы Астана қаласы ІІД Сарыарқа ауданы ІІБ бастығы, 2013 жылы Астана қаласы ІІД Алматы ауданы ІІБ бастығы, 2016 жылы Қостанай облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары, 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, 201 жылы
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2022 жылғы қаңтардан бастап атқарып келеді.
37 жыл бұрын (1987) Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Кәрімжанұлы ҚАРАБАЕВ дүниеге келді.
Ташкент облысында (Өзбекстан Республикасы) туған. Ташкент автомобиль-жол институтын, Уорвик университетін (Ұлыбритания), М.Х,Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: 2011 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Су шаруашылығы желілерін пайдалану және дамыту басқармасының сарапшысы, 2011-2013 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті қызмет көрсету саласының технологиялық дамуы басқармасының бас сарапшысы, 2014-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, 2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы, 2018-2019 жылдары ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Әскери-өнеркәсіптік кешенді дамыту департаментінің директоры, 2019-2020 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Әскери-өнеркәсіптік кешенді дамыту департаментінің директоры болып қызмет атқарған. 2020-2021 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы, 2021-2023 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, 2023 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымын атқарды.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.
98 жыл бұрын (1926-2013) әнші (лирикалық баритон), КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, профессор Ермек Бекмұхамедұлы СЕРКЕБАЕВ дүниеге келген.
Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін (Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Ермек Серкебаев орындаған партиялардың ішінде Ахмет Жұбанов және Латиф Хамидидің операсындағы Абайды, «Біржан мен Сара» операсындағы Қожағұлды, Амангелдіні, Петр Чайковскийдің «Евгений Онегин» және «Пиковая дамасында» Онегин мен Елецкийді, Джоаккино Россинидің «Севиль шаштаразында» Фигароны, «Укрощение строптивойда» Петруччионы, Евгений Брусиловский мен Еркеғали Рахмадиевтің операсындағы Ер Тарғын және Алпамыс батырларды және басқа да көптеген операларда ойнаған. Кино өнері саласына да атсалысып, «Тақиялы періште», «Біздің сүйікті дәрігер», т.б. фильмдерге түскен. Гастрольдік сапармен әлемнің 50-ден аса елдерінде болған. 1973 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында вокал класы бойынша дәріс берген. 2006 жылы Мәскеу консерваториясының үлкен залында ән шырқаған. 1947 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында солист болды. КСРО Жоғарғы Кеңесі 7-шақырылымының депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 8, 11-шақырылымдарының депутаты.
«Отан», Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, 2 мәрте Ленин ордендерімен, медальдармен марапатталған. КСРО мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаты, вокалистер мен балет әртістерінің бүкілодақтық конкурсы сыйлығының және «Тарлан» сыйлығының иегері.