4 тамыз күні республиканың басым бөлігінде қатты ыстық сақталады - Қазгидромет
04:05, 04 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 тамыз күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың солтүстігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с соғады, шаңды дауыл күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с соғады, шаңды дауыл күтіледі. Қостанай облысында түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысында өте қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды Ақтөбе облыстарында, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.