4 тамыз: Туған күн иелері

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 4 тамыз күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

100 жыл бұрын (1918-1993) жазушы, аудармашы, Ұлы Отан соғысының ардагері Ісләм ЖАРЫЛҒАПОВ дүниеге келді.

Ол Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. Алматы педагогикалық училищесін, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын КСРО Сыртқы істер министрлігінің жоғары дипломатиялық мектебін бітірген. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің лекторы, сектор меңгерушісі болған. «Жазушы» баспасында, Мәдениет министрлігінде, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде жауапты қызметтер атқарған. 

«Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры болып істеген. 

1975 жылдан шығармашылық жұмыста болған қаламгер көркем аударма саласында жемісті еңбек еткен. Ол аударған А.Пушкиннің, А.Герценнің, М.Шолоховтың, М.Лермонтовтың, М.Пришвиннің және көптеген шетел жазушыларының шығармалары көркем аударма жанрының озық үлгісі ретінде танылды. Әсіресе, оның әдеби терминдер, жеке атаулар жасаудағы еңбегі ерекше. Жазушы ұлттық терминология жасау ісіне араласып, қазақ тілі қорын «оқырман», «жағажай», «балмұздақ», «перзентхана», «уыздық», «теледидар», «ғарыш», «саяжай», «көрермен», т.б. 500-ден астам жаңа терминдермен байытқан.

Бірнеше мәрте Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

72 жыл бұрын (1946) Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ актрисасы, Н.Тілендиев атындағы халықаралық қоғамдық қордың президенті, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Дариға ТІЛЕНДИЕВА дүниеге келді. 

Ол Талдықорған облысының Көксу ауданында туған. "Қазақфильм" киностудиясының 2 жылдық курсын, Абай атындағы ҚазПИ-ді бітірген (1980 ж.). Алғаш рет "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген "Құлагер", содан кейін "Ақ машина", "Алты жасар Алпамыс", "Қоштасқым келмейді", "Жамбылдың жастық шағы", тағы басқа көркем фильмдерге түсті. 
1993 жылдан бері «Отырар сазы» оркестрінде қызмет істейді.

72 жыл 
бұрын (1946)   техника ғылымының кандидаты, профессор, Қазақстан Тамақ өндірушілер одағының президенті ПОПЕЛЮШКО Анатолий Висханович дүниеге келді.

Талдықорған қаласында туған.  Мәскеу тамақ және жеңіл өнеркәсіп технологиясы институтын бітірген. 1970-1977 жылдары - Ақсу қант зауытының механика шеберханаларының бастығы, цех бастығы, бас инженерінің орынбасары. 1977-1983 жылдары - Алакөл қант зауытының директоры. 1983-1984 жылдары - Қарабұлақ қант комбинатының директоры. 1984 жылы - Мерке қант комбинатының бас инженері. 1984-1986 жылдары - Алматы кондитер фабрикасының бас инженері. 1986-1992 жылдары - Алматы кондитер фабрикасының директоры. «Рахат» АҚ-ының Басқарма төрағасы - президенті (1992-2013), 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер одағының мүшесі. 2002-2006 жылдары - «Альянс Банк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 1999 жылдан - Алматы қалалық Мәслихатының депутаты. Қазақстан Республикасы Инженерлік Академиясының корреспондент-мүшесі,  Қазақстан кәсіпкерлік және өндірістік одағының вице-президенті, , Қазақстан Республикасы Жұмыс беруші конфедерациясы басқармасының мүшесі, «Атамекен» басқару одағының мүшесі, «RESMI» Инвестициялық Қаржы Үйі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Екі монографияның, 20 мақаланың, 5 авторлық куәлік пен патенттің авторы.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.

 

61 жыл бұрын (1957) Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Қазақ политехникалвық институтын (инженер-электрик) және Агротехникалық институтты (экономист-бухгалтер) бітірген.

1979 жылдан - №110 Қаратау кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы, өндіріс шебері, директордың орынбасары. 1992-1993 жылдары - «Қаратау» қауымдастығының бас директоры. 1994-1997 жылдары - «Бірлік» кәсіпорнының директоры. 1997-1998 жылдары - «Жамбылавтожол» коммуналдық кәсіпорнының жетекші маманы. 1999-2003 жылдары - Қаратау қаласы әкімінің орынбасары. 2003-2010 жылдары - Талас ауданы Қаратау қаласының әкімі. 2010 жылы - Сарысу ауданының әкімі. 2010-2013 жылдары - Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімі.

Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы желтоқсаннан бері.

 

54 жыл бұрын (1964) Алматы облысы әкімінің орынбасары БАЙЖАНОВ Айдарбек Естебекұлы дүниеге келді.

Ол Алматы халық шаруашылығы институтын және Қазақстан-Ресей университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист, заңгер.

Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған.

Әр жылдары «Ақжайық», «Жамбыл былғары аяқкиім» бірлестіктерінің директоры, Жамбыл облысы әкімі аппаратында іс басқарушының орынбасары, бас инспектор,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде қазыналық кәсіпорын директоры, Алматы облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президенті Іс басқармасының бас инспекторы, «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» директорының орынбасары, директоры, «Астана өнім» акционерлік қоғамының директоры, Астана қаласында «Қазақтелеком» АҚ директоры, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басқарушы директоры, бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2017 жылдың ақпанынан - Алматы облысы әкімінің орынбасары       

50 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы МОМЫШЕВ Талғат Амангелдіұлы дүниеге келді.

Көкшетау облысының Щучинск қаласында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс факультетін (1990) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша; Алматы экономика және статистика институтының «Бухгалтерлік есеп және аудит» факультетін (2000) экономист мамандығы бойынша; Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебінде (2007) біліктілік арттыру курстарын бітірген. «Нұр Отан» партиясының мүшесі (2007 жылдан).

1990 жылдан - Жамбыл спирт-арақ комбинаты сату бөлімінің маманы. 1994 жылдан - «Қарахан» БК атқарушы директоры. 1997 жылдан - Жамбыл Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы директорының орынбасары. 1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің аға референті. 1999 жылдан -Жамбыл облысы әкімдігінің Инвестициялар және сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы. 2000 жылдың қаңтарынан - «Метрология» РМК (Алматы к.) басшысы. 2000 жылдың шілдесінен - «Қазсертико» РМК (Астана қ.) директорының бірінші орынбасары. 2000 жылдың қарашасынан - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің «¥лттық Сараптау және сертификаттау орталығы» ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының бастығы. 2005 жылдан - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары. 2010 жылдың желтоқсанынан бері - ҚР Мұнай және газ министрлігі Мұнайгаз кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің терағасы. 2014 жылдан ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. Қазіргі қызметінде 2017 жылдан бері. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалімен марапатталған.

117 жыл бұрын (1901-1971) атақты американдық джаз музыканты Луи АРМСТРОНГдүниеге келді. 










57 жыл бұрын (1961) саяси қайраткер, Америка Құрама Штаттарының 44-інші президенті, Нобель сыйлығының лауреаты Барак ОБАМА дүниеге келді.
Ол Гавайи штатының Гонолулу қаласында (АҚШ) туған. Сол жерде ол беделді жекеменшік мектепті тәмамдап, білім жолын Лос-Анджелестегі колледжде, одан кейін Колумбия университетінде жалғастырды. 1983 жылы Обама, Нью-Йорк ғылыми-зерттеу орталығының Халықаралық бизнес-корпорациясында қаржы сарапшысы болып жұмыс істеді.

1985 жылы Барак Чикагоға көшіп, онда әр түрлі қызмет істеді.
Обаманың саясаттағы мансабы Иллинойс штатының Сенатында басталды. Онда ол 1996-2004 жылдар аралығында үш рет сайланды. 

Обама 2002 жылы президент Джордж Буш әкімшілігінің Иракқа әскермен баса көктеп кіру жоспарын сынға алған сөздерінен кейін танымалдылыққа ие болды.
2004 жылы Обама АҚШ Сенатына сайлауға түсіп, онда жеңіске жетті. 2007 жылдың ақпанында Обама АҚШ президенттігіне өзінің кандидатурасын ұсынды. Өзінің сайлауалды науқанында ол Ирактағы соғысты тоқтату, жаппай медициналық сақтандыру және энергетикалық тәуелсіздік мәселесін қозғады.
2008 жылдың қарашасында Барак Обама президенттік сайлауды жеңіп, 2009 жылдың 20 қаңтарында АҚШ-тың 44-інші президенті ретінде ант қабылдады.

2012 жылы Президент лауазымына қайта сайланды. 2017 жылы АҚШ Президенті қызметінен кетті.

Б.Обама АҚШ басшылығына келген қара нәсілді алғашқы президент болды.