4 тамызда Жерге екі кеңестік спутник құлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Американдық ғарыш кеңістігін бақылау жүйесінің үнемі жаңартылып отырылатын нақтыланған мәліметтері бойынша өз қызметін аяқтаған кеңестік «Космос-903» спутнигі 4 тамызға қараған түні Жерге құлайды, деп хабарлады Утро.ру.

«Космос-903» (халықаралық каталогтағы нөмірі - 1977-027А) Беринг теңізінің ауданында атмосфераның қалың қабатына еніп, баллистикалық өмір сүруін тоқтатады. Атмосфераның қалың қабатында спутник бүлініп, оның жанбаған кейбір бөлшектері Жер үстіне жетуі мүмкін.

«Космос-903» 1977 жылы 11 сәуірде Плесецк ғарыш айлағынан ұшырылған болатын.

Сондай-ақ осы күні «Космос-1151» спутнигі де баллистикалық өмір сүруін тоқтатып, Карск теңізінің үстінде атмосфераның қалың қабатына енеді.