ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында 4 жасар баланы ұрламақ болған айыпталушының ісі сотқа берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өткен жылы 21 қараша күні жас жігіт анасымен бірге серуендеп жүрген төрт жасар баланы алып қашпақ болған еді. Кейін ол ұсталып, ҚР ҚК 125-бабы 2-бөлімі 5-тармағына сәйкес (адам ұрлау) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілді.
Қазіргі кезде аталған қылмыстық іс Орал қалалық сотына жолданды.
Еске сала кетейік, төрт жасар баланы ұрлап кетпек болған 1992 жылғы тұрғынның ұсталғаны жөнінде біз жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).