13:17, 14 Наурыз 2009
4 жасар вундеркинд 4-ші сыныпқа барғысы келеді
ТЕГУСИГАЛЬПА. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат - Гондурастық 4 жасар вундеркинд Элвис Лосано аса қабілетті бала. Дарынды балдырған 3 жасынан бастап әріп таныған, базалық математикалық білімге ие және әлем елдері мен олардың тарихтары туралы біраз нәрсені біледі.
Кішкентай Элвис үшін қосып-алу, көбейту, бөлу деген түк емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат НТВ телеарнасына сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, кішкентай данышпан фотографиялық жадыға ие, ол бір көрген нәрсесін тез үйреніп ала қояды екен. Қазір балдырған орта мектептің бірінші сыныбында оқиды. Бірақ, ол сабақтың бәрін білетінін айтып, ең жоқ дегенде төртінші сыныпқа ауыстыруды өтінуде. Туған қаласы Сонагерада Элвисті данышпан бала деп атайды. Ол туралы әңгіме ел президентінің құлағына да жетіп, Гондурас президенті Мануэль Селайя жас дарын шетелде білім алуы керек деп шешіп отыр. Элвис Лосаноға шетелде оқу үшін президенттік стипендия, сондай-ақ дербес компьютер табыс етілді.