4 жылда балық өсіретін шаруашылықтар саны 7 есе өскен

Фото: ҚР АШМ

АСТАНА. KAZINFORM – 2021 жылдан бер елдегі балық өсіретін шаруашылық саны 650-ге жеткен. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

– 2021 жылдан бері балық шаруашылығына бөлінген субсидия көлемі 7 есе өсіп, 2025 жылы 3,5 млрд теңге болды. Қабылданған шаралардың арқасында жыл сайын балық өсіретін шаруашылықтар саны артып келеді. 2021 жылдан бүгінге дейін олардың саны 4 есе көбейіп, 650 шаруашылыққа жетті, - деді ол.

Айтуынша балық өсіру жақсы дамыған өңірлер легі төмендегідей: 

Түркістан – 4,3 мың тонна;

Алматы – 3,7 мың тонна;

Шығыс Қазақстан – 2 мың тонна;

Жамбыл – 1,8 мың тонна.

Жалпы 2025 жылдың 10 айында шамамен 12,2 мың тонна балық өсірілген. 

Бұған дейін еліміздің қай өңірі балық өнімдерін көп тұтынатынын жазған едік.