40 мың адамның салық айыппұлы кешірілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН ҚазАқпарат – Рақымшылықтың арқасында 40 қазақстандық салық айыппұлынан құтылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шағын жәнеорта бизнес нысандары үшін салықтық рақымшылықтың ресми мерзімі биыл, 31 желтоқсанда аяқталады. Мемлекеттік кірістеркомитетінің дерегіне қарағанда, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 90 077 салықтөлеушінің мойнында салық қарызы болған.Оны ішінде берешек - 210,4 млрд теңге, өсімпұл - 122,9 млрд теңге, айыппұл -7,4 млрд көлемінде тіркелген.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты аудит департаментінің директоры ЖандосДүйсембиевтің айтуынша, рақымшылық акциясының арқасында айыппұл мен күн сайын өсетін өсімпұлды 100%төмендету мүмкіндігі беріліп отыр.

«2019 жылғы1 шілдедегі жағдай бойынша рақымшылық акциясына жыл басынан бері 39330 салықтөлеуші үн қосқан. Олар бюджетке айыппұлмен өсімпұлсыз негізгі салық қарызы ретінде 7,6 млрд теңге төледі. Яғни, 2,1 млрд теңге өсімпұл мен 180,6 млн теңге айыппұл кешірілді», - дейді комитет өкілі.

Соңғы жаңалықтар