40 жастағы италиялық әйел өз-өзіне тұрмысқа шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италиялық Лаура Меси 70 адамға арналған үйлену тойын ұымдастырып, өз-өзіне тұрмысқа шықты. «Қалыңдық» ақ көйлек киген,  үш қабатты үйлену тойы тортын қойған - бәрі нағыз үйлену тойындағыдай, тек күйеу жігіт жоқ.

«Мен біздің әрқайсымыз ең алдымен өзімізді жақсы көруіміз керектігіне нық сенімдімін. Ғажайып ертегіні ханзадасыз да жасауға болады», - дейді фитнес-жаттықтырушы болып істейтін 40 жастағы Лаура Меси.

Лаураның «күйеуге шығуы» заңдық күшке ие емес. Алайда оның әрекеті - жаңа беталысқа бағыт алғандай.  

 

Мұндай қалыңдықсыз немесе күйеу жігітсіз өткізілетін «жеке-некенің» бастамашылары шараның өзіңді жақсы көруге және өз-өзіңді қабылдауға, үйленген жұптар сияқты қоғамдық құрметке ие болуға арналғанын айтады.